AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мәдениет және спорт саласындағылар да «Болашақпен»...

Мәдениет және спорт саласындағылар да «Болашақпен» оқи алатын болды

Білім және ғылым 30.07.2021, 13:48 1,645
Мәдениет және спорт саласындағылар да «Болашақпен» оқи алатын болды
Сурет: Aviasovet.ru

Енді мәдениет және спорт саласының қызметкерлері шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында (мысалы, New York Film Academy, University of the Arts London, Scuola Musicale di Milano және т.б.) тағылымдамадан өте алады.  


«Болашақ» бағдарламасы қазақстандықтардың тағылымдамасы үшін cанаттар тізімін кеңейтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әртістер, режиссерлер, суретшілер, өнертанушылар бір жыл бойы «Арт-менеджмент», «Дизайн. Сурет», «Дирижерлеу», «Өнертану», «Сценография» және тағы да басқа мамандықтар бойынша оқи алады. 


Дене шынықтыру және спорт саласының мамандары «Спорттық психология», «Спорттық медицина», «Спорттық құқық» сияқты бағыттар бойынша біліктіліктерін арттыра алады.



«Бұрын мәдениет және спорт саласының қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтпеген. Елімізде осы салалардың дамуын қолдау мақсатында қажетті жұмыстар жасалды. Енді мәдениет және спорт мамандарында әлемнің беделді шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарында өздерінің кәсіби деңгейін арттыру мүмкіндігі бар. Критерийлерге келетін болсақ, үміткерлердің кемінде үш жыл жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде соңғы 12 ай таңдаған мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс. Сондай-ақ қабылдаушы шетелдік ұйымнан шақыртудың, В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттың болуы міндетті», – деп атап өтті ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің м.а. Данияр Мұқитанов. 



Стипендиаттар тағылымдамадан өту үшін кепілге жылжымайтын мүлік қоймайды. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін соңғы 12 ай ішінде тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі Қазақстан азаматы саналатын екі кепілгерді ұсыну жеткілікті. 


2021 жылы денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, педагогтер, мемлекеттік қызметкерлер, инженер-техниктердің тағылымдамадан өтуі үшін 110 «Болашақ» стипендиясы бөлінген. 


Естеріңізге сала кетейік, халықаралық стипендияны тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырда басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #болашақ #спорт #мәдениет #тағылымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика