AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Люксембург Парламентінің Спикері Қазақстандағы реф...

Люксембург Парламентінің Спикері Қазақстандағы реформаларға оң баға берді

Саясат 23.07.2022, 11:45 2,149
Люксембург Парламентінің Спикері Қазақстандағы реформаларға оң баға берді
Сурет: Egemen.kz




Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембург Парламентінің Төрағасы, Ұлы Герцогтігінің Депутаттар палатасындағы «Люксембург-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Фернан Этгенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.











Қос тарап Қазақстан мен Люксембург арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығының нышандығын атап өтіп, саяси және экономикалық ынтымақтастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Кездесуде екі елдің энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы, сондай-ақ парламентаралық диалогты, оның ішінде Қазақстан мен Люксембург парламентшілерінің екіжақты сапарларын ұйымдастыруды жандандыру мәселесі талқыланды.


Қазақстандық дипломат Парламент Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев бастаған саяси реформалармен, «Жаңа Қазақстанның» әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ демократия, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам институттары қағидаттарын нығайтуға бағытталған жалпыхалықтық референдум нәтижелерімен таныстырды.


2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара тауар айналымының айтарлықтай өскенін, оның қазірдің өзінде 20 миллиард АҚШ долларынан (өсім 51,2%) асып кеткенін атап өткен М. Баймұхан саясаткердің назарын Қазақстанның экспорттық және көліктік-транзиттік мүмкіндіктеріне аударды.


Қазақстандық дипломат еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге баса назар аударып отырғанын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Орталық Азиядағы ірі экономика бола отырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға және инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.


Сондай-ақ қазақстандық дипломат Люксембург парламентшіге Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Шолпан-Атада өткен IV Консультативтік кездесуінің қорытындылары мен аймақ елдерінің Президенттері қабылдаған Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамыту жөніндегі достық, тату көршілік және ынтымақтастық бойынша шарт туралы айтты.


Фернан Этген өз кезегінде  Қазақстандағы саяси қайта құрулар қазақстандық демократиялық институттардың дамуының белсенді кезеңін көрсететінін атап өтіп,еліміздің  экономикалық жетістіктері мен экономикасын әртараптандырудың артып келе жатқаны еліміздің жоғары әлеуетін ашып көрсететінін айтты.


Парламентарий Қазақстан мен Люксембургтің әлемдік аренада өзара мүдделері зор екенін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.


Тараптар алдағы екіжақты іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында тұрақты байланыста болуға келісті. Қазақстандық дипломат Ф.Этгенге ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстанға келуге шақыруын тағы да растады. Ал Люксембург парламентінің төрағасы қазақстандық әріптестерімен Люксембургте кездесуге дайын екенін жеткізді.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#парламент #Марғұлан Баймұхан #Люксембург
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);