AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Лақтырасың тасадан дінге кесек..

Лақтырасың тасадан дінге кесек..

Әлеумет 18.09.2023, 04:25 1,321
Лақтырасың тасадан дінге кесек..
Сурет: Adyrna.kz

Балғынбек Имашев депутат Ринат Зайытовқа ренішін өлеңмен жеткізді


Ақын Балғынбек Имашев осындай атаумен Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовьың күні кеше жазған жазбасына қарсы ойын өлеңмен білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Естеріңізге сала кетейік, кеше Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа психологиялық және ақпараттық қысым көрсеіліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Дүмше депутатқа!


Ермановтың кешегі “мықты” ақыны,
Ей, Зайытов Ринат Рифхатұлы!
Қаһарынан Құдайдың қорықпайтын,
Жаңа Қазақстанның вип “батыры”…


Басқа шығып барасың үндемесек,
Лақтырасың тасадан дінге кесек.
Кішірейіп кешірім сұрай салсаң,
Жанған отты өршітіп үрлемес ек.


Сұра десе кешірім бұлданасың,
Жасалды деп шабуыл жынданасың.
Мансабың да уақытша, атағың да,
Құдай үшін қауқарсыз құл ғанасың!


Сәжде қылған маңдайды алаяқ деп,
Жалған айып тағасың оңай-ақ кеп.
Ауызыңда бес хадис, он аят жоқ,
Жүрегіңді айтасың қалай ақ деп?


Алатауда жүр едің жалаңаяқ,
Депутат қылды сені “ағаң” аяп.
Сен барған соң “Аманат” түзелді ме,
“Нұротанның” деуші ең ғой бәрі алаяқ?


Негізінде білімсіз, ойша нәнсің,
Келген сөзді аузыңа дей саларсың.
Адамның да заңынан хабарың жоқ,
Алланың да дінінен бейхабарсың.


Қосановпен қатырдың дым демедік,
Қошановқа шақырдың үндемедік.
Мың сүрініп жатсаң да ақындықпен,
Ақталуды білесің бірдеңе ғып.


Ата дінмен алысқан Мәжілісмен,
Айыптадың бауырды ауыр іспен.
Елдің жауы мұсылман қауым емес,
Жау іздесең шатаспа әдірістен!


Елдің жауы - жемқорлар төбедегі,
Елдің жауы - тышқандар кемедегі.
Ұрыға емес құрығын дінге салған,
Депутаттың сенбісің көрегені?


Парламентте сен болсаң ең ақылды,
Неге қазір жармайсың қара қылды?
Неге айтпайсың парақор әкімдерді,
Неге айтпайсың зинақор, педафилді?


Дін - Аманат, елді одан кім тия алат?
Діл - Аманат, кім оны сілки алат?
Партияны ұятқа қалдырдың да,
Аманатқа жасадың шын қиянат!


Сөйлей берме ойыңша жорып қана,
Бере алмайсың сен дінге толық баға.
Шын мұсылман қиянат жасамайды,
Бізден емес Құдайдан қорық, бала!


Құлақкесті Құдайдың құлы, Ринат,
Жала жауып жасадың ірі ғибат.
Мүміндерге мың бәле жапқаныңнан,
Ар-Рахманның қалмайды Діні қирап.


Сұрамаймыз біз сенен қимасыңды,
Жамағатты жау санап, жима ашуды.
Қателікті мойындап момын болсаң,
Тәубеге кеп, Аллаға и басыңды!



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Депутат.мәлімдеме #өлең #сын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 15:14

ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ»

Бүгін 14:19

Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін 14:08

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Бүгін 14:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);