конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Күзде қандай көкөністерді жеу керек?

Күзде қандай көкөністерді жеу керек?

Керек кеңес 11.10.2021, 10:59 3,042 Әспет БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
Күзде қандай көкөністерді жеу керек?
Суреттер: Botanichka.ru

Күз – жеміс-жидектің пісіп, ағзаны пайдалы дәрумендермен байытатын шақ. Күн райы салқындай бастайтын осы шақта қысқа дайындық ретінде иммунитетті көтеретін, денсаулыққа пайдасы мол көкөністерді жеген жөн. Әсіресе, бұл маусымда ас мәзірінде келесі көкөністер тізімі болса, құба-құп.


Асқабақ. Бұл көкністің құрамында бета-каротин көп, ол маңызды А дәруменін бөледі. Теріні қалпына келтіріп, оны жазуда бұл дәруменнің пайдасы көп. Сонымен қатар, асқабақ жүрек-қан тамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін де қажет. Асқабақты қаймақ, табиғи йогурт немесе рикоттамен үйлестіріп қолданса болады.


Қызылша. Бұл көкөніс асқазан-ішек жолдарына өте жақсы әсер етеді, сонымен бірге қатерлі ісік клеткаларының өсуін тежейді. Қызылша когнитивтік функцияларға жақсы әсер етеді – адам миының жұмысын жақсартатын қасиетке ие. Бұл көкөністі зәйтүн және күнжіт майларымен, сондай-ақ, кез келген шөптермен және дәмдеуіштермен үйлестіріп жесе болады.



Орамжапырақ. Бұл көкөністің басты құндылығы оның күшті антиоксидант – С дәруменіне бай келетінінде. Соның арқасында ол ағзадағы холестерин деңгейін азайтып, қан қысымын реттеп, ішектерге жақсы әсер етеді. Шикі орамжапырақты басқа да қытырлақ көкөністермен үйлестіруге болады, сонымен бірге май, шөптер және ірімшікпен пісіруге болады.



Баялды


Көкшіл-күлгін түстес болып келетін бұл көкөніс қандағы қант мөлшерін түсіретін жасұнықтар мен полифенолаға бай. Оның үстіне, калориясы аз баялдының өзіне тән ерекше дәмі бар. Оны зәйтүн майымен, сонымен бірге ірімшікпен, сарымсақпен және көк дәмдеуіштермен қолдануға болады.



Бұрыш


Тәтті бұрыш - С,Е,К және А дәрумендерінің негізгі көзі. Осылайша, ол қанның жақсы ұйығыштығына әсер етеді, бұлшық еттерді, сүйекті , тіпті жүйке жүйесін нығайтады. Мұны ірімшік өнімдерімен, етпен жақсы үйлестіріп қолдануға болады.



Деректер интернет желісінен алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кеңестер #пайдалы көкөністер #күз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында заңсыз салынған тағы бір нысан сүріліп жатыр

Бүгін 13:02

Алматы әкімі қаланың шағын өнеркәсіптік парктерінің жұмысын бағамдады

Бүгін 12:29

Алматы облысындағы перзентханада үшем шетінеп кетті

Бүгін 10:44

Өз қаражатына балалар алаңын салған кәсіпкер 2 миллионнан аса теңге төлеуге міндеттелді

Бүгін 10:17

Алматының тау шаңғысы инфрақұрылымы бес есе кеңейеді

Бүгін 09:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);