Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Күтім балығы Қазақстанның қызыл кітабынан шығарылу...

Күтім балығы Қазақстанның қызыл кітабынан шығарылуы мүмкін

Әлеумет 15.07.2022, 15:16 1,025
Күтім балығы Қазақстанның қызыл кітабынан шығарылуы мүмкін
сурет: Gov.kz

Ғылыми зерттеулер жүргізілуде


Күтім балығы Қазақстанның қызыл кітабынан шығарылуы мүмкін. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы Әлия Шалабекованың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 



«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен күтім балығы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген», -деді ол жауабында. 



Оның атап өтуінше, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағына сәйкес жануарлар түрлерiн санаттарға жатқызу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк саналуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында биологиялық негіздеме негізінде ведомствоаралық зоологиялық комиссияның ұсынымы бойынша жүргiзiледi. 



«Өз кезегінде, 2022 жылдың басынан бері «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстардың жағдайын бағалау бойынша кешенді теңіз зерттеулерін жүргізу» бюджеттік бағдарламасы аясында Каспий теңізінде мамандырылған ғылыми ұйыммен тиісті ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Оның ішінде күтім балығын тізбеден шығару бойынша жұмыстар қарастырылған және зерттеулерді шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. Ғылыми ұйым тиісті қорытынды ұсынған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында министрлік күтім балығын тізбеден шығару бойынша тиісті шешімдер қабылдайтын болады», - деді Әлия Шалабаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#балық #зерттеу #Қызыл кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32

Қазақстанда әскерге шақыру маусымы басталды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика