Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Күшік күйеу" қайдан шығады? Психолог "әйел билейт...

"Күшік күйеу" қайдан шығады? Психолог "әйел билейтін" үйдегі тәрбие туралы тарқатып берді

Мұны білген жөн 08.10.2025, 17:13 1,339
"Күшік күйеу" қайдан шығады? Психолог "әйел билейтін" үйдегі тәрбие туралы тарқатып берді
сурет: ЖИ

Қазақ қоғамындағы ерлер үшін "күшік күйеу" ұғымы - үнемі триггер тақырып. "Күшік күйеу" қайдан шығады? Оның қалыптасуына әйел кінәлі ме? "Күйеуді күшік" ететін қандай әрекет? Аqshamnews.kz тілшісі отбасылық психолог, гештальт-терапевт Ұлмекен Сәндібекқызымен осы тақырыпты талқылап көрді.

Ұлмекен Сәндібекқызы 

отбасылық психолог, гештальт-терапевт

Қазақта "күшік күйеу" деп кімдерді айтқан?

Ұлмекен ханым "күшік күйеу" ұғымының қазақ қоғамында айтылуы терең тарихтан басталатынын айтты. Ертеде қазақ "күшік күйеу" деп қайын жұртына барып сіңген жетім жігітті, қалыңмалға шамасы келмей, еңбегімен өтеп құтылған күйеуді айтатын болған деседі. Сондай-ақ, жат жерден келіп, сол ауылға бейімделгенді "кірме күйеу" деп атаған екен.

"Ал бүгінгі күні бұл сөз көбіне ер адамның тәуелділігі мен әлсіздігін білдіретін түсінікке айналған. Бірақ психологияда нақты "күшік күйеу" деген диагноз немесе анықтама жоқ. Сарапшылардың айтуынша, мұндай ер адамдардың басты мәселесі ер адамның жеке таңдауы, жауапкершілігі және ерте жастан қалыптасатын ішкі тірегінің болмауында" , - дейді маман. 

"Әйелінің дегеніне еретін еркектердің психологиясы бала кезден қалыптасады"

Психологтың айтуынша, ер адамның әйелге тәуелді немесе әлсіз болып шығуы көбіне бала кездегі қарым-қатынасқа байланысты. Егер ұлды анасы шектен тыс қорғап, үнемі шешім қабылдауға мүмкіндік бермесе, ал отбасында әкесінің беделі жоқ немесе әкесі болмаса, балада "өзіндік тірек" қалыптаспайды.

"Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады" деген сөз бар ғой. Адам бәрібір балалық шақтағы сценарийді бейсаналы түрде қайталайды. Анасының рөлін сезінген ұл ертең өзіне де сондай мінезді әйелді таңдайды. Қыз бала да әкесінің бейнесін іздейді", - дейді психолог.

Сол себепті Ұлмекен Сәндібекқызы ата-ананың ең басты міндеті  баланы тәуелсіз етіп тәрбиелеп, оған жауапкершілікті сезіндіру және өз пікірін айтуға мүмкіндік беру екенін еске салды. 

"Бала тәрбиесінде әкенің рөлі өте маңызды" 

Психолог әкені тәрбиесі көп көрінбейтін жаняұда тәрбиеленген ұл балалардың келешекте қандай жағдайларға бой алдыру мүмкін екенін айтты. Отбасында шешімді тек әйел қабылдап үйренген ұл бала ер жеткенде екі бағыттың біріне түсуі мүмкін:

  • тәуелді және шешім шығара алмай, әйелдің соңынан еріп кету;

  • агрессив және басып-жаншушы болуға тырысу.

Қыз бала болса, керісінше ер адамды елемеуге, бәрін өзі бақылауға бейімделеді. Бұл кейін қарым-қатынаста тепе-теңдік пен сенімді бұзады.

Әйелдің "бар жауапкершілікті мойнына алуы" - күйзеліске апарар жол

Маман қоғамда жиі кездесетін тағы бір жағдайды мысалға алды. Көп жағдайда ері әрекетсіз қалған кезде әйел амалсыздан отбасының тірегіне айналады. Ол жұмыс істеп, балаларды асырап, бар жауапкершілікті өзі көтереді. Уақыт өте келе шаршайды, ал ер адам бұрынғыдан да әлсірей түседі. Психолог бұл тұйық шеңберден шығу үшін төмендегі кеңестерді ұсынады:

  • жауапкершілікті біртіндеп бөлісу;

  • еріне сенім білдіріп, шағын істерден бастау;

  • "бәрін өзім істеймін" деген ойдан арылу;

  • ашық сөйлесіп, шекара қою.

"Күшік күйеу" деп күйеуін кінәламас бұрын әйелдерге де ойланып көру маңызды: "Мен неге дәл осындай адамды таңдадым?" деген сұрақ қойыңыз. Көп жағдайда адам өз балалық жарақатына ұқсас адамды бейсаналы түрде іздейді. Сондықтан ұзақ мерзімді терапиядан өтіп, ішкі сценарийлерді түсіну - ең дұрыс жол. Егер ер адам өзгергісі келмесе, оны күшпен өзгерту мүмкін емес: не қабылдау, не өз жолыңды таңдау керек" ,- деді психолог Ұлмекен Сәндібекқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев сұхбат беріп, желіде қызу талқыға түскен еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында ойын-сауық орындарының бірінің қызметін уақытша тоқтатты

Бүгін 10:30

Алматы – Астана тасжолында жылдамдықты өлшейтін құрылғылар орнатылды

Бүгін 10:21

Әбілхан Қастеевтің бұрын жарияланбаған суреттері шықты

Бүгін 10:00

Алматыда түзету орталығының қызметкері қамалды

Бүгін 09:33

Алматының эпидахуалы қандай?

Бүгін 09:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі