AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Kursiv AUTO 2024: Қазақстандағы авто нарыққа қатыс...

Kursiv AUTO 2024: Қазақстандағы авто нарыққа қатысушылардың алғашқы тәуелсіз форумы өтеді

Әлеумет 30.05.2024, 11:41 914 Almaty-akshamy.kz. 
Kursiv AUTO 2024: Қазақстандағы авто нарыққа қатысушылардың алғашқы тәуелсіз форумы өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Kursiv AUTO 2024 форумы Қазақстандағы автокөлік нарығына қатысушылардың алғашқы тәуелсіз жиыны ретінде өтеді. Бұл бірегей шараға саланың жетекші компаниялары, банктер, сервистік компаниялар, сарапшылар мен зерттеушілер қатысады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Автокөлік нарығы Қазақстанның ЖІӨ-нің кем дегенде 2%-ын, өнеркәсіптік өндірістің шамамен 4%-ын және бөлшек саудадағы сатылымның шамамен 5%-ын құрайды. Өткен жылы бұл сала соңғы жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда алғаш рет рекордтық өсу қарқынын көрсетті.

Қазақстандық автомобиль одағының (ҚАО) деректеріне сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 198,7 мың жаңа автомобиль сатылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 60,2%-ға көп. 2024 жылдың бірінші тоқсанында да өсу қарқыны байқалды. Жаңа автомобильдердің ресми сатылымы (жеңіл коммерциялық техниканы қоса алғанда) 39,5 мың бірлікке жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6%-ға өсті, ал 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 66,5%-ға артқан еді.

2023 жылы қазақстандық авто құрастырушылар 134 мың жеңіл автокөлік шығарды. 2025 жылға қарай Индустрия министрлігі жергілікті өндірістің 160 мың автомобильге дейін жетеді деп күтіп отыр. Бұл көбінесе қытайлық брендтердің жаңа автомобиль өндірістерін іске қосу есебінен болмақ.

Осы өзгерістердің барлығы Қазақстанның автомобиль нарығына қалай әсер етеді, болжам мен үміт қаншалықты ақталады?Нарық құлдырай ма, әлде көтерілеме ме – бұл сұрақтардың барлығы Kursiv AUTO 2024 форумында талқыланатын болады.

Сонымен қатар, форумда автонесиелеу және түрлі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы жағдайларды салыстыру мәселелері де қарастырылатын болады.

Форумның негізгі мақсаты – Қазақстанның автомобиль нарығына көп факторлы және барынша тәуелсіз көзқарас ұсыну.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Kursiv AUTO 2024 #автокөлік нарығы #Қазақстан #форум #жаңа автомобильдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46

Алматыда Жеңіс күні аталып өтіп, соғыс қаһармандарының рухына тағзым етілді

Бүгін 12:05

Қазақстандық 8 боксшы Азия чемпионатында медальға ілікті

Бүгін 11:32

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Бүгін 10:38

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін 09:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);