AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Күннен қуат алатын ноутбук жасалды

Күннен қуат алатын ноутбук жасалды

Әлем 10.03.2025, 12:53 666 dulatbekova
Күннен қуат алатын ноутбук жасалды
Cурет: Islam.kz

Қытай компаниясы Барселона қаласында өткен бүкіл әлемдік MWC 2025 мобилді конгресте жұртшылық назарына әзірге концепті (концепция) түріндегі Yoga Solar PC ноутбукты ұсынды.

 Энергияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, сонысымен қоршаған ортаға зияны аз ерекше ноутбук күн көзінде 20 минут тұрса, осы аз уақыт ішінде алған қуаты бір сағат дербес жұмыс істеуіне жетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Күннен қуат алатын өте жұқа ноутбуктың жоғарғы қақпағына күн панелі тікелей кіріктірілген. Бұл ноутбукты электр желісіне қоспай қуаттауға мүмкіндік береді. Yoga Solar PC-дегі күн панелі «Back Contact Cell» технологиясы бойынша қосылған контактілері бар 84 элементтен тұрады: барлық электр қосылыстары жарықты барынша ұстау үшін элементтердің артында орналасқан. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндай құрылым 24% -дан астам күн сәулесінің электрге айналу коэффициентін қамтамасыз етеді - тұтыну электроникасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Ноутбук күн панелінің параметрлерін үнемі қадағалап отыратын және энергия жинауды оңтайландыратын Dynamic Solar Tracking жүйесімен жабдықталған. Ал Solar-First Energy технологиясы күн энергиясын пайдалануға басымдық беру үшін зарядтау құрылғысын реттейді. Ноутбук, тіпті, бөлме жарығында да қуатталады, дегенмен, күннің жарығына жетпейді. Қызығы, жарық әлсіз болса да панел батареяның зарядын күту режимінде ұстап тұруға жететіндей электр энергиясын шығарады. Yoga Solar PC ноутбугының қалыңдығы - 15 мм, ал салмағы - 1,22 келі. Моделде Intel Lunar Lake процессоры, 32 ГБ оперативті жады, 1 ТБ кіріктірілген жады және 14 дюймдік OLED-экран орнатылған.

Samsung компаниясы 2011 жылы күн энергиясымен жұмыс істейтін алғашқы ноутбукты - NC215S моделін шығарды, дегенмен, Lenovo концепциясы әлдеқайда жұқа және тез зарядталады. Аталмыш компания, сондай-ақ, MWC 2025 көрмесінде қолданыстағы Yoga ноутбуктері үшін күн энергиясымен қуаттауға арналған сыртқы жиынтық концепциясын ұсынды. Құрылғы екі жиналмалы күн панелі бар тұғырдағы ашылған кітапқа ұқсайды және құрылғыны USB-C порты арқылы зарядтай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күннен қуат #Ноутбук #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туристердің таудағы қауіпсіздігін күшейтуді қолға алды

Бүгін 12:38

Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Бүгін 12:34

Алматыда әр екінші күні ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 11:23

2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

Бүгін 11:20

Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктен келеді

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика