AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Күнбағыс майы бір жылда 20 пайызға қымбаттады

Күнбағыс майы бір жылда 20 пайызға қымбаттады

Әлеумет 24.06.2022, 10:10 1,372
Күнбағыс майы бір жылда 20 пайызға қымбаттады
Сурет: Ulysmedia.kz

2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 197,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілген.


Бұл былтырғыдан 29,6% көп. Ал тазартылмаған күнбағыс майының өндірісі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 61,3% артық болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz-ке слтеме жасап.



«Тазартылмай сатылатын күнбағыс майының 78%-і Шығыс Қазақстан өңіріне тиесілі. Ал тазартылған күнбағыс майының 22,6 мың тоннасы Шымкентте шығарылған».



Ауыл шаруашылығы министрлігі 31 тамызға дейін күнбағыс майын Қазақстан аумағынан шығаруға шектеу қойды. Сол арқылы сектордағы бағаны тұрақтандырып, тапшылықтың алдын алу жоспарланған. Маусым-шілде айларында күнбағыс майын шығару квотасы 68 мың тонна болып бекітілді.


Отандық өндірушілер 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында күнбағысқа деген сұранысты 83,5%-ке орындаған. Өндіріс көлемі былтырғыдан 16,9%-ке артық. Өндірілген 149,1 мың тонна майдың 66,3 мың тоннасы сыртқа сатылған. Бұл былтырғыдан 71,3% көп.


Нәтижесінде ішкі нарықта 112,2 мың тонна күнбағыс майы сатылды, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 0,6%-ке ғана артық. Қант нарығындағы жағдаймен салыстырғанда әзірге елде күнбағыс майына қатысты даулы мәселе туындаған жоқ. Елде күнбағыс майының бағасы қатарынан 27 ай бойы өсу динамикасынан ауытқымай артып келеді.


Мамыр айының қорытындысы бойынша май бір айда 0,8%-ке және бір жылда 19,4%-ке қымбаттады. Сонымен қатар 2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық бағаның өсуі қазірдің өзінде өте пессимистік 52,2% құрады.


Өңірлер арасында бір жыл ішінде сектордағы ең үлкен өсім бір айда:


Жамбыл (3,6%) облысында;


Қарағанды (2,2%) облысында;


Ақтөбе (1,9%) облысында;


Алматы (26,4%) қаласы;


Павлодар (26,2%) облысы;


Жамбыл (26,1%) облысында тіркелді.


Биыл мамыр айында қалаларда күнбағыс майының орташа бағасы литр үшін 808 теңгені құрады.


Күнбағыс майына жоғары баға Атырау (859 тг/л), Алматы (850 тг/л) және Актауда (841 тг/л) тіркелді. Ал ең төмен баға – Семей (714 тг/л), Петропавл (728 тг/л) және Өскеменде (737 тг/л).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күнбағыс #май #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);