Күн суытады

Күн суытады Сурет: almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 26 сәуірде болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де Оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.


«Елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ түседі, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — деп жазды ведомстводан.


Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі.


Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталығында, шығысында, батысында өрт қаупі жоғары болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21