КҮН САНЫ: аптаның айрықша көрсеткіштері

  • 09:30, 11 шілде 2025
КҮН САНЫ: аптаның айрықша көрсеткіштері Жасанды интеллект

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады. 

Трамп Қазақстанның барлық тауарына 25 пайыз баж салығы cалынатынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вашингтон 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығын енгізетінін хабардар етіп, хат жолдады. 

Кейін бұл хатқа Қасым-Жомарт Тоқаев жауап берді. 

"Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 21,5 млрд теңге бөлінді. 

Бұл қаржы елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен бөлінді.

Бүгінде өңірде сумен жабдықтау саласында 28 жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Коммуналдық қызметер тарифіне қатысты өзгеріс

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1%). Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. 

Қазақстандық мал шаруашылығы тұрақты өсіп келе жатыр

Биылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары санының және мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің тұрақты өсіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Атап айтқанда,

  • ірі қара мал басы 23,4%-ға артты,
  • ұсақ мал – 7,8%-ға,
  • жылқы – 12,2%-ға,
  • түйе – 8,5%-ға,
  • құс – 2,2%-ға өсті.

Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,2 млрд теңгеден асып, 4,2%-ға өсті. Ет (+3%), сүт (+7,5%) және жұмыртқа (+0,3%) өндірісінің өскен. 

Қазақстанда 48 жаңа сүт фермасы салынды

Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарланды

Қазақстан бойынша 1395 тірек гидротехникалық құрылыстар (ГТҚ) бар. Су тасқынына дайындық мақсатында Бассейндік инспекциялар ТЖД өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп ГТҚ-ны көзбен шолып тексеру жүргізеді. Биылғы зерттеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін 560 ГТҚ анықталды, оның 540-ы қанағаттанарлықсыз және 20-сы апатты жағдайда.

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңадан 42 су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жоспарланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:23

15:21

14:45

14:21

14:15

14:09

14:01

13:30

13:27

13:24

13:22

13:16

12:58

12:30

11:49

11:48

11:01

09:30

09:22

09:00

22:21

22:19

18:03

17:21

17:03