Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Крещение мерекесіне орай шомылатын орындар белгіле...

Крещение мерекесіне орай шомылатын орындар белгіленді

Не? Қайда? Қашан? 14.01.2024, 12:49 1,518
Крещение мерекесіне орай шомылатын орындар белгіленді
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеулерінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


2024 жылы Крещение мерекесінің рәсімі 18-19 қаңтарда Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде өтеді. Олар: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).


Есіл өзеніндегі мұздың қалың болмауына байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысы негізінде шомылатын орындар Есіл өзенінің сол жағалауындағы орталық жағажайда орналастырылды.


Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің сол жағалауындағы «Астана» саябағының жағалауында (орталық жағажай) орнатылады.


Шомылатын орындар 18 қаңтар күні сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін қолжетімді болады.


Сондай-ақ, жаппай шомылу 19 қаңтар таңғы 08:00-ден сағат 23:00-ге дейін жалғасады.


Діни рәсім барысында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл күні шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.


Елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және шомылу кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырамыз.


Сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін және шомылуға арналған орындарды есте ұстаған жөн: купельдің жанында 3 адамнан артық тұрмау керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсу қажет. Суға кірмес бұрын, денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін өзіңізді сүлгімен ысқылап, жылы заттарды киіп, ыстық шай ішуіңіз керек. Егер шомылу кезінде денсаулығыңыздың нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнында кезекші дәрігерлерге хабарласуға кеңес береміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Крещение #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика