Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Креативті индустрияның болашағы жарқын

Креативті индустрияның болашағы жарқын

Әлеумет 26.06.2021, 12:31 2,118
Креативті индустрияның болашағы жарқын
Сурет: Kapital.kz.

Креативті индустрияның болашағы жарқын


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың 25 маусымдағы тікелей эфирде өткен брифингіне қала тұрғындары пікір білдіріп жатыр. Солардың бірі Бекнұр Досжан КИСИКОВ, жазушы, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, Еуразиялық франчайзинг қауымдастығы төрағасы, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.



«Шаһар басшысының барлық сөзі орынды. Десе де, осы тұста маған ерекше әсер еткені креативті индустрияға қатысты айтқан ойы.


«Креативті индустрия» термині әр түрлі салалармен байланысты: экономикалық саладан әлеуметтік мәдени салаларға дейін қамтиды. Ол шығармашылық қызметтің әр түрлі салаларында инновациялық технологиялардың елеулі орны: ойындарды әзірлеген кезде, бағдарламалық өнімдердің әр түрінде, виртуалды немесе толықтырылған шыңдық өнімдерінде, музыка, өнер, жарнама, сәулет, кинематография, анимация, дизайн және шығармашылық қызметпен тікелей немесе жанама түрде байланысты басқа да салалар.


Бүгінде, расымен қаламыз креативті тұрғыдан жақсы дамып келеді. Мәселен «Алатау» креативті хабы» бар. Мұндай орталықтар, бастамалар, әсіресе қазіргі жағдайда кәсіпкерлерге үлкен көмек береді. Келешекте қалада кретивті индустрия жақсы дамиды деген ойдамын.


Франчайзинг қауымдастығының өкілі ретінде, қала аумағында кәсіпкерлерге жасалатын жағдайды дұрыс деп ойлаймын. Біздің елімізде бизнестің 90 пайызы дағдарысқа дейінгі кезеңге бейімделген. Яғни барлығы тұрақты табыстың болуына үйреніп қалған. Ал дағдарыс кезінде кәсіп жүргізудің әдісі өзгерді. Бұрынғыдай мол табыс түспегенімен, әупірімдеп өмір сүруге болады. Кәсіпкерлердің дені болашақта табыс табу үшін қызметін жалғастыра беруге ұмтылады. Ашығын айту керек, біздің кәсіпкерлер мұндай жағдайға әлі бейімделмеген. Десек те, осының өзі елімізде, шаһарда нарықтың қарқынды жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Бұл – жұмыс істегісі келмейтіндер кетеді, олардың орнын  басқалар басады деген сөз. Шаһарда біршама бизнес түрлерінің қызметі тоқтайды. Есесіне жаңа кәсіп түрлері мен кәсіпкерлер пайда болады. Ең мықты брендтер ғана өзін-өзі сақтап қалады. Алдағы уақытта нарықта демократиялық құндылықтарға бейімделген бизнес түрлері ғана дамиды. Кәсіпкерлер аз айналымнан  көп пайда тауып үйренген. Ендігі жерде бизнесті дамытудың әлемдік үлгісімен жүруге тура келеді. Яғни айналым көп, пайда аз болады. Бұл – тұтынушылар үшін тиімді. Шаһарда пандемия кезінде кәсібі тұралап қалған кәсіпкерлерге жаңа жұмыс орындары ашылатыны айтылды. Мұның өзі қала басшысы тарапынан ұсынылған жақсы мүмкіндік», - деді Бекнұр Досжан Кисиков.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Больница #стационар #Қазақстан #Сағынтаев #брифинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірнеше елге бармауды ұсынды

Бүгін 10:09

Тұман, қар және көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:28

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Кеше 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Кеше 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Кеше 18:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі