Көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік анықталды Сурет: Polisia.kz

"Заңсыз келуші – 2024" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 112 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Оның ішінде елде болу ережелерін бұзғаны үшін 90 шетелдік, олардың 87-сі ТМД елдерінен болса, 3-уі алыс шетел азаматтары. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 17 шетелдік елден тысқары шығарылды. Мәселен, Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 15 азаматын анықтады.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 10 шетелдік ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп елден шығарылса, қалған азаматтарға 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:41

21:25

19:35

19:33

17:57

17:55

17:54

17:50

17:47

17:42

17:37

17:10

17:07

16:50

16:36

16:25

16:04

15:59

15:42

15:34

15:17

15:01

14:51

14:43

14:32