AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көше қиылысы абаттандырылып оазиске айналады

Көше қиылысы абаттандырылып оазиске айналады

Әлеумет 11.07.2025, 13:30 871 Bakyt
Көше қиылысы абаттандырылып оазиске айналады
Алматы қаласы әкімдігі

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікті абаттандырып, оазиске айналдырмақ

Алматыда жайлы қалалық ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Пресс-тур кезінде Жетісу ауданының әкімі журналистерге осылай деді. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айырығына іргелес 3 гектар аумақта қоғамдық кеңістікті абаттандыру жобасы жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды aqshamnews.kz  

Аудан әкімдігінің бастамасымен жол айырығы маңында орналасқан сегіз учаскеде кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрқайсысы жер бедері мен сәулетіне қарай әртүрлі безендірілмек. Бұл жұмысқа өз секторына жауапты төрт мердігер ұйым тартылған. Бұрын бос, қараусыз жатқан аумақта енді ыңғайлы демалыс аймақтары, балалар мен спорт алаңдары ашылып, кіші архитектуралық формалар, осы заманғы жарықтандыру жүйесі мен бейнебақылау камералары орнатылмақ.

 «Біз аумақты да, тұрғындардың ұсынысын да мұқият зерттедік. Кеңістік төрт негізгі аймаққа бөлінген. Көгалдандыруға көп көңіл бөлдік. 30 000 шаршы метрден астам жерге жасыл-желек егіледі. Сонымен қатар инклюзивті және қауіпсіз инфрақұрылым құруға да мән беріп отырмыз. Балалар мен спорт алаңдары, бейнебақылау камералары, ауызсу фонтаншалары мен бұрғылау ұңғымалары арқылы автоматты суару жүйелері орнатылады», – деді Ляззат Жылқыбаева.

Жобаның басты ерекшеліктері – ірі ағаштар мен бұталар егіп, альпілік төбешіктер орнатпақ. Бүкіл аумақты тұрақты суару үшін 7 ұңғыма қазып, әткеншектер, орындықтар мен гүл аркалары бар демалыс орындарын жабдықтап шығады. Бейнебақылау, жарықтандыру мен тротуар инфрақұрылымын жасап, сондай-ақ ойын алаңдарын орнатпақ.

Баспасөз туры барысында аудан әкімі әр учаскенің өзіндік мақсаты бар екенін атап өтті. Мысалы:
•    1-учаске (Жансүгіров / Рысқұлов көшелері) – жақын маңдағы тұрғын үйлер тұрғындарына бағытталған, мұнда балалар мен скейт алаңдары, спорт аймақтары мен көгалдандырылған кеңістіктер орналасады.
•    2-учаске (Сейфуллин мен Жансүгіров бойымен) – ауданның визиттік карточкасы, гүл аркалары, жасыл аллеялар және «Жетісу ауданы» деген жазуы бар декоративті қабырға орнатылады.
•    3-учаске («Бақытты отбасы» жанында) – ерекше қажеттілігі бар балаларды қоса алғанда, балаларға арналған инклюзивті ойын аймақтарымен жабдықталады.
•    4-учаске (Сейфуллин даңғылы бойымен вокзалға қарай) – табиғи элементтерге басымдық берілген экологиялық демалыс аймағы, серуендеуге жайлы кеңістік жасалады.

Барлық учаскені толық жарықтандырып, сондай-ақ сүзгіден өткізілетін ауыз сумен де қамтамасыз етпек ойда.

«Бұл енді абаттандырылған аумақ қана емес, тұрғындарды тартып тұратын, көлік торабының қақ ортасында орын тепкен жасыл оазис болады», – деп атап өтті Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #көшелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің кей өңірлеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 08:30

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);