Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көше мәдениеті

Көше мәдениеті

Әлеумет 25.05.2023, 09:26 1,201
Көше мәдениеті
Сурет: ашық дереккөз

Жүргізушілер арасындағы өзіндік «тіл» 


Бүгінгі күні қаламызда көлік күн өткен сайын көбейіп келеді. Көлік көбейген сайын көлденең мәселенің көбейетіні де белгілі. Көлік десең ең алдымен кептеліс ойға келеді. Міне, сағаттап уақытын сарп ететін жүргізушілер арасында қалыптасқан өзіндік бір мәдениет бар. Ол жайында білесіз бе?
Алматы десең ұзақ сонар кептелісімен көз алдыңа келеді. Осынау кептелістің шешімін таппау жатуының бір ұшында осы мәдениеттің жатқанын жасыра алмаймыз. Бүгінгі күн ертеңгі тарих демекші, өткенге ой шомсақ. Шамада осыдан 10 жылдай бұрын кептеліс қаланың кез келген көшесінде болатын. Міне, сол кезде жүргізушілер бір-біріне деген құрмет пен мәдениетінің арқасында тығынның тығыршығын тауып, дер кезінде шешімін тапқанын талай рет көрдік. Ал бүгінде ше? Ойландырады...
Көлікке отырмас бұрын жүргізушілер арасында қлыптасқан «тілді» меңгеруіңіз керек. Қазір көлікті жастар жағы көбірек жүргізеді. Нәтижесінде бір-біріне жол бермеу, аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан балыпыт сөздерді боратқан «жігіттерді» көріп жүрміз. Кейде кептелістен жүйкесі тозған деп қоятынымыз бар. Шындығында бұл мәдениеттің кемдігі шығар?



Сурет: ашық дереккөз
Жоғарыда айтқанымыздай он жыл бұрын бір күнге дейін кептелісте тұрған кездер кездесті. Сол кездің өзінде жүргізушілер араларын ашып, тұрақтан шыққан көлікті жіберетін. Қазір бұл көріністі көрмейсіз. Тұрақтан шыққан көлікті көрген жүргізуші жылдамдықты асырып, әлгі көлікті жүргізбеуге тырысып жатады. Бұл күнделікті әдетке айналғандай. 


Рақмет айту – ізеттілік


Тұрақтан шыққан көлік көшенің келесі бетіне өтіп, бұрылу үшін қысқа жолды ұзартып жатады. Неге? Жол сұраған әріптесіне ерегіскен жүргізуші қасарысып, бұрылуға тыйым салынған жолаққа дейін алып барады. Нәтижесінде, қысқа жол ұзарады. Әрі, кептелістің болуына түрткі болып жатқанын сезбейтін секілді...
Осы ретте тағы бір мәселе... Жол берсең алдыңа түсіп, тайраңдап жүре береді. Жүргізушілер арасында рақмет айтудың өзіндік үлгісі қалыптасқан. Жүруге мүмкіндік берді ме, алдығы түскен соң апаттық жарықты қосып, алғысыңды жеткізеді. Алайда соңғы кездері бұл үрдісте қалып бара жатыр.
Міне, көше мәдениеті көп мәселені шешеді. Бірақ, сол мәдениетті сақтасаңыз кептеліс азайып, жүйкеңізге ауыр салмақ түспейді. Сіз жүргізуші мәдениетін сақтайсыз ба?

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүргізуші #жол #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 14:36

Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдіктінің ұсталған сәті жарияланды

Бүгін 14:31

Алматыда «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» атты сарапшылар форумы өтті

Бүгін 14:07

Сахна тынысын сезінген жан

Бүгін 14:01

ҚазҰУ жаңа конституцияның жобасын азаматтарға түсіндіріп жатыр: Алматыда құқық реформасындағы университеттердің рөлі туралы айтылды

Бүгін 12:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі