ffin.kz

Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді

Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде.


Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілердің азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және клиентке бағдарлану қажеттілігін бірнеше рет айтты. 


Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өтініштерін қарайды. Бұзушылық фактілері расталған жағдайда, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылдайды. 


Сонымен қатар, департамент жүргізетін алдын алу шаралары бұзушылықтардың төмендеуіне ықпал етеді. Мәселен, 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы мемлекеттік қызметтер саласында анықталған бұзушылықтар саны 2,5 есеге азайды.


Сондай-ақ, біз қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстардың жай-күйін зерделеу бойынша жұмыстар жүргіземіз. Атап айтқанда, 2023 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап рұқсат құжаттарын беруден бас тартуды зерделеу бойынша олардың негізділігі тұрғысынан жұмыстар белгілі бір нәтижелерді көрсетті: екі мыңнан астам бұзушылық анықталды, нәтижелері бойынша бұзушылықтардың себептері мен салдарын зерделеу бойынша жұмыстар жүргізілуде және кінәлі адамдар жауапқа тартылуда.


Мәселен, Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының  «Құрылыс және жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту себебінен қызмет алушы азамат Р. департаментке шағыммен жүгінді.


Айта кету керек, құжаттар тізімі және осы қызметті көрсету процедурасы өте жеңілдетілген. 


Оны сәтті көрсетудің шарттарының бірі қаланың коммуналдық қызметтерінің («Алматы су» АҚ, «Алматы жылу желілері»АҚ және т.б.) қызмет көрсетуге келісімін алу болып табылады.
Басқарма аталған «Алматы Су» қызметінің бірінен теріс жауап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішіне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартты.


Бірақ бұл ретте, мемлекеттік орган өтініш берушінің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін басқа жеке коммуналдық қызметпен шарт жасасқаны ескерілмеді, оған заңнамада тыйым салынбайды.


Осылайша, мемлекеттік орган тарапынан бұзушылық артық құжатты талап ету және азамат Р. тарапынан шағымның негізді түсуіне әкеп соқтырған. Бұл - әуре-сарсаң жасау болды.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 41-тармағының 5)-тармақшасына және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің бірі инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушінің техникалық шарттарды беруден бас тартуы болып табылады. Бұдан басқа, бас тарту кезінде басқарма көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі туралы, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ тыңдау өткізу туралы хабарламаны жүзеге асырмады, осылайша бұл өтініш берушінің заңды құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырды.


Осылайша, департамент араласқаннан кейін ғана өтініш берушінің құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып, бұл тұрғын үй салу үшін қажетті сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруде көрініс тапты. 


Кездесетін бұзушылық фактілерін ескере отырып, департамент барлық азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде олардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қалпына келтіру үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге құқылы екенін түсіндіреді, өйткені біздің миссиямыз - Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және біздің қызметіміздің тартымдылығын қамтамасыз ету.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02