AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Коронавирус инфекциясы жойылмайды, онымен өмір сүр...

Коронавирус инфекциясы жойылмайды, онымен өмір сүруді үйрену қажет – сарапшы

Медицина 31.01.2023, 15:25 1,426
Коронавирус инфекциясы жойылмайды, онымен өмір сүруді үйрену қажет – сарапшы
Сурет: Ашық дереккөз

Сарапшылардың айтуынша, пандемия 3 жылдың ішінде 7 миллион адамның өмірін қиған.


Коронавирус инфекциясы толық жойылмайды. Ол адамдарда кездесетін түрлі аурулар секілді қалып қояды. Сондықтан вируспен өмір сүруді үйрену қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осындай байламға келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Сарапшылардың айтуынша, пандемия 3 жылдың ішінде 7 миллион адамның өмірін қиған. Оның 2 миллионы еуропалықтар екен. "Ал қазір КОВИД-19 мутацияланғандықтан, індет жұқтырғандар ұзақ уақыт ауырып жатыр. Тіпті өлім жағдайлары да азаймай тұр. Бұл ретте науқастарға вакцинаның үшінші мөлшерін алуға кеңес беру қиынға соғуда", - дейді шетелдік дәрігерлер.



«Миллиондаған еуропалықтар коронавируспен ауырып, жазылды. Әлі де сырқаттанып жүргендері бар. Бұл – ковидтің ұзаққа созылатын түрі. Бірақ, әзірге нақты қанша адамда осы симптом бар екені белгісіз. Сондықтан бұл өте маңызды мәселе және назардан тыс қалмайды. Вакцина ғана індеттің қарқынын төмендетуге көмектесті. Алайда вирустың жойылмайтыны анық», – деді денсаулық сақтау саласының сарапшысы Джеффри Лазарус.



Ал елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен, соңғы тәулікте көрсеткіш күрт өсіп отыр. Кеше коронавирусты жұқтырғандар саны 22 болса, бүгін науқастар қатары екі есеге артып, 46-ға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 8 адамның жағдайы ауыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #Пандемия #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);