Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді

Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді

Әлеумет 06.01.2025, 17:29 968
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Сурет: Gov.kz

Көпбалалы отбасылар бұған дейін де мемлекет тарапынан қолдауға ие болған.

Биылдан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасылар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырып, жылына 282 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, яғни 1 108 824 теңге көлемінде салық шегерімі енгізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мысалы, 2024 жылы 577 мыңнан астам отбасыға жәрдемақы төленді, оның жалпы сомасы 432 миллиард теңгеге жетті. Енді бұл қолдау 2025 жылы жаңа салық жеңілдіктерімен толықтырылады. Дегенмен қолдау тек жеңілдіктермен шектелмейді.

2025 жылдың қаңтарынан бастап, Uchet.kz порталы ақпаратынша, көпбалалы отбасыларға салық шегерімін енгізетін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің бұрын тоқтатылған бөлімі қайта күшіне енеді. Ол ата-ананың екеуіне де қолданылады, бірақ 282 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде (2025 жылы 1 108 824 теңге): көпбалалы отбасының ата-анасының біріне әр айға 23 АЕК (90 436 теңге); көпбалалы отбасының әрбір ата-анасына айына 12 АЕК (47 184 теңге). Бұл жеңілдіктер төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға беріледі. Осылайша, 2025 жылы көпбалалы отбасы ай сайын 90 мың теңгеге жуық табысын салықтан босата алады.

Салық кодексінің 342-бабына сәйкес, көпбалалы отбасылар салық шегерімдерін басқа жеңілдіктермен біріктіре алады. Олардың ішінде: Міндетті зейнетақы жарналары; Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар; Стандартты салық шегерімдері. Осы шегерімдердің жиынтық мөлшері жылына 564 АЕК-ке (2 217 648 теңге) дейін жетуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, барлық қажетті құжаттар ұсынылған жағдайда, көпбалалы отбасылар салық түріндегі шығынды айтарлықтай үнемдей алады. Сондай-ақ 2025 жылдан бастап дәрі-дәрмектерге жұмсалатын шығындар үшін салық шегеріміне 18 жасқа дейінгі асырауындағы балалардың шығындары да қосымша енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #жеңілдік #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүкіл Қазақстан бойынша қар жауып, бұрқасындатады

Бүгін 09:14

Алматы студенттері құқықтық мәдениетін нығайтуда

Кеше 21:07

Алматы қаласы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шеқаралары және жұмыс уақыты туралы

Кеше 19:07

Сайлау кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және Алматы қаласының мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Кеше 18:54

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі