Көпбалалылардың жәрдемақысы көбейді

Көпбалалылардың  жәрдемақысы көбейді Сурет: интернеттен

Алғашқы 3 баласын туғандарға 38 АЕК – яғни 140 296 теңге жәрдемақы тағайындалды.


Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді.



"2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сай, 1 АЕК - 3 мың 692 теңге болып белгіленген. Алғашқы 3 баласын туғандарға 38 АЕК – яғни 140 296 теңге жәрдемақы тағайындалды. 4-ші және одан да көп бала туғандарға 63 АЕК көлемінде бірретік жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар егер егіз немесе үшем туған болса, жәрдемақы баланың әрқайсысына жеке тағайындалады.



Бұл – бір реттік жәрдемақы мөлшері. Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы да көбейген.


Әлеуметтік кодекстің 91-бабына сай, оның мөлшері мынадай: 4 балаға шамамен 59183 теңге, ал 5 балаға шамамен 74 мың, егер отбасында 8 немесе одан да көп болса, әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.


Егер отбасында 8 және одан да көп бала болса, әр балаға 4 АЕК, яғни 8 балаға 32 АЕК (118 144 теңге).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43

10:35

10:21

10:14

10:10

10:00

09:50

09:40

09:19

09:02

08:49

08:23

08:12

19:29

19:26

18:14

17:40