AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көпбалалы отбасылар мен аналарға берілетін жәрдема...

Көпбалалы отбасылар мен аналарға берілетін жәрдемақы 6,5%-ға өсті

Әлеумет 18.09.2025, 10:15 1,009
Көпбалалы отбасылар мен аналарға берілетін жәрдемақы 6,5%-ға өсті
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда 855 мыңнан астам отбасы көпбалалы және наградталған аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақы алды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жалпы төлем сомасы 404,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Атап айтқанда:

  • Көпбалалы отбасыларға – 612 мың отбасы, жалпы сомасы 352,2 млрд теңге;
  • Наградталған аналарға – 243 мың адам, жалпы сомасы 52,1 млрд теңге жәрдемақы алды.

2025 жылдың тамыз айында ғана бұл төлемдермен 846,8 мың отбасы қамтылып, 49,8 млрд теңге көлемінде қаржы төленді.

Жәрдемақы мөлшері қандай?

Көпбалалы отбасыларға табыс деңгейіне қарамастан төленеді. Бұл жәрдемақыны бірге тұратын 4 және одан да көп баласы бар (23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттерді қоса алғанда) отбасылар ала алады.

2025 жылы төлем мөлшері былайша белгіленді:

  • 4 балаға – 63 030 теңге
  • 5 балаға – 78 798 теңге
  • 6 балаға – 94 565 теңге
  • 7 балаға – 110 332 теңге
  • 8 және одан да көп балаға – әр балаға 15 728 теңге

Наградталған аналарға арналған жәрдемақы келесі түрде төленеді:

  • «Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 теңге
  • «Алтын алқа», «Батыр ана» атағы, І/ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлеріне – 29 097 теңге

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрдемақы #төлем #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика