AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

Әлеумет 05.12.2022, 05:42 1,123
Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі
Сурет: Adyrna.kz

Мемлекеттік қолдау арта түспек.


Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Әлеуметтік кодексі жобасына енгізілетін жаңа параметрлер отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдауды кеңейтетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Кодекс отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға бағытталып отыр. Цифрлық картаны қанатқақты жоба ретінде іске асыру барысында көп балалы отбасылардың әлеуметтік қатерлерге тап болу ықтималы жоғары екенін көрдік. Осы орайда Әлеуметтік кодексі жобасында балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы біртұтас жүйесін толық сақтау және оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылды. Нақтылай кетейін, бүгінгі балалы отбасыларды қолдау жүйесі халықаралық стандарға сәйкес жүктілік және босану, бала туу, бала күтіміне байланысты төлемдерді, көп балалы аналар және мүгедіктігі бар балалы отбасыларға қарасты төлемдерді және табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектерді қамтиды», - деді Т. Дүйсенова.



Оның айтуынша, Кодекс жобасына енгізілетін жаңа параметрлер отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдауды кеңейтеді.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы көлеміндегі бастапқы капитал қосымша көмек көзі болмақ. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылатын болады. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі және олар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградтталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылатын болады. Тағы бір маңызды параметр – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталатын болады. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі зерделенді. Атап айтқанда, 8-ден астам ел осы көрсеткішті пайдаланады және оны отбасы әл-ауқатының нақты дәрежесін көрсететін өлшем ретінде белгілеген. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызын құрайды, ал Канадада – 50 пайыз, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда 60 пайыз. Біз де осы тәжірибені енгізгелі отырмыз», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көпбалалы аналар #жәрдемақы #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика