Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Конституция – сенім мен тұрақтылықтың құқықтық ірг...

Конституция – сенім мен тұрақтылықтың құқықтық іргетасы

Әлеумет 24.01.2026, 17:32 260
Конституция – сенім мен тұрақтылықтың құқықтық іргетасы
aqshamnews.kz

Рахман АЛШАНОВ, 
«Тұран» университетінің ректоры, Қазақстан ЖОО қауымдастығының президенті, қоғам қайраткері: 

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық әрі құқықтық дамуы үшін аса маңызды екенін аңғартқандай. Себебі Конституция – мемлекеттің тек негізгі заңы ғана емес, қоғамның даму бағытын айқындайтын, азамат пен билік арасындағы сенімнің құқықтық іргетасы.

Кез келген реформаның Конституциядан басталуы заңды. Өйткені дәл осы құжатта мемлекеттің құндылықтары, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі айқындалады. Қоғам өзгерген сайын, Конституция да заман талабына сай жетілдірілуі орынды шығар, бірақ қабылданған заң қайта-қайта өзгертілмеуі тиіс. Комиссияның жұмысы осы қажеттіліктен туындап отыр.

Алғашқы отырыстың маңыздылығы – реформалардың формалды сипатта емес, жүйелі әрі терең талдау арқылы жүргізілуіне жол ашуында. Бұл кезеңде ең бастысы – Конституцияның қағаз жүзіндегі нормалары емес, оның нақты өмірде қалай жұмыс істейтініне назар аудару. Яғни, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері, билік институттарының жауапкершілігі және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері алдыңғы қатарда болуы қажет. Сонымен қатар, Конституция – ұлттық бірлік пен тұрақтылықтың басты тірегі. Оны жаңғырту қоғамды бөлетін емес, біріктіретін үдеріс болуы тиіс. Сондықтан комиссия жұмысына кәсіби сарапшылармен қатар, қоғамдық пікірді ескеру, ашықтық пен диалог қағидаттарын сақтау аса маңызды.
Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы – елдің болашақ саяси архитектурасын айқындайтын маңызды қадам. Егер реформалар Конституцияның мәні мен рухын сақтай отырып жүзеге асса, бұл құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыра түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Реформа #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика