Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Конституция күні: Балқаш ауданында 84 орынды бөбек...

Конституция күні: Балқаш ауданында 84 орынды бөбекжай пайдаланылуға берілді

Әлеумет 30.08.2021, 18:08 1,633
Конституция күні: Балқаш ауданында 84 орынды бөбекжай пайдаланылуға берілді
сурет: Jetisu media

Бөбекжай іші толықтай заманауи материалдық базамен қамтылған.


Қазақстан Республикасы Конституция күні және Білім күні қарсаңында Бақбақты ауылында 84 орынды бөбекжай салтанатты түрде ашылды. Бұрын тәуелсіздік алған жылдары қараусыз қалған нысан өткен жылы ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес бөбекжай болып ашылуға шешім қабылданған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Jetisu Media-ға сілтеме жасап.


Бөбекжайды қайта қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан  367.2 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, күрделі жөндеу жұмысын сапалы жүргізген “Golden siti“  ЖШС-і нысанды мерзімінде аяқтаған. 
Бөбекжайдың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бөріхан Әбдібаев жиналған көпшілікті Конституция күнімен және бөбекжайдың ашылуымен құттықтап, өңірдегі мектепке дейінгі тәрбие саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.



«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мақсатында  аудан бойынша 8 балабақша және 14 шағын орталық жұмыс жасап, балабақшаларда 935, шағын орталықта 600, барлығы – 1535 бүлдіршін тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамту 99,3 пайыз болды. Облыс бойынша 95,6 пайыз ескерсек, бұл бағытта ауданымызда ілгерілеу бар» дей келе, жиналған қауымды алдағы келе жатқан жаңа білім күнімен де құттықтап өтті.



Бөбекжайдың ашылуына аудандық білім бөлімінің басшысы Айман Аймұханбет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гауһар Аманжолова, Бақбақты ауылының әкімі Айдархан Түймебаев, ауыл ардагерлері, тұрғындары, мектеп ұстаздары мен бөбекжай ұжымы қатысты.



«Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға қол жеткізудегі орын тапшылығын қысқарту мақсатында 1-3 жас аралығында бүлдіршіндердің пайызын көтеру мақсатында осы Бақбақты ауылында 84 орынға арналған бөбекжайдың ашылуы арқылы алда 85 пайыздан 89 пайызға көтерілетін болады», - деп атап өтті аудандық білім бөлімінің басшысы А.Аймұханбет.


«Ауыл тұрғындарының өтінішін ескеріп, осы ғимаратты мемлекет қарамағына алып, оны қайтадан қалпына келтіру үшін қомақты қаржы бөлуге ықпал жасаған аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовке, аудандық білім бөлімінің басшысы Айман Аймұханбетке, осы саладағы барша жауапты мамандарға айтар алғысымыз шексіз», - дейді «Күншуақ» бөбекжайының әдіскері Жазира Қазыбекова.



Ел тілегімен ашылған бөбекжай алдағы мерзімдерде халықтың көңілінен шығатын табыстар биігінен көрінетініне сеніміміз мол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бала бақша #бөбекжай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика