AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Конституция ел тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілі...

Конституция ел тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды - Президент

Әлеумет 30.08.2025, 07:41 427 dulatbekova
Конституция ел тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды - Президент
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы ел халқын Конституция күнімен құттықтады.

Президенттің Ата Заң күнімен құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады. Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты. Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды. Конституция қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылықтың басты кепілі саналады. Сан түрлі саладағы жетістіктерге осы негізгі заңымызға сүйене отырып қол жеткіздік. Үш жыл бұрын ел дамуының жаңа тарихи кезеңіндегі міндеттерге сәйкес, ауқымды конституциялық реформа жасалды. Оның басты нәтижесі – саяси жүйенің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының негізінде жаңғыруы. Конституциялық реформада адам құқықтарын қорғауға, Заң мен тәртіп үстемдігін орнықтыруға баса мән берілді. Ата заңға әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған, инновациялық сипаттағы бірқатар жаңа ереже енгізілді. Қазақстанның конституциялық реформасына Венеция комиссиясы және өзге де беделді халықаралық ұйымдар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар оң бағасын берді. Әділетті, Таза, Қуатты әрі Қауіпсіз Қазақстан құрамыз десек, азаматтарымыз Ата заңды құрметтеп, оның барлық ережесін мүлтіксіз сақтауы керек. Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына ұлтымызды жұмылдыратын Конституциямыздың аясында барша азаматымыздың Отанымызды өркендету үшін жасампаздықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Еліміздің барша азаматына зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деді Президент құттықтауында. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция күні #құттықтау #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21

Таңбалануға тиіс тауарлар тізімі ұлғайды

Бүгін 10:35

Ревматологқа қашан қаралу керек және неге дер кезінде бару маңызды?

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика