Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Коньки тебудің пайдасын біле жүріңіз

Коньки тебудің пайдасын біле жүріңіз

Керек кеңес 13.11.2021, 12:30 2,708
Коньки тебудің пайдасын біле жүріңіз
Cурет: Ашық дереккөз

Дені саудың – жаны сау


Деннің саулығын, жалпы бүкіл ағза беріктігін нығайтуда коньки тебудің пайдасы зор деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аif.ru сайтына сілтеме жасап. 


Сонымен коньки тебу кезінде мынандай артықшылықтарға қол жеткізуге болады.


1.Сүйектердің беріктігі өзіне жақын орналасқан бұлшықеттердің оларға қандай қысым жасайтынына байланысты болады. Конькиді тұрақты түрде тебу арқылы сүйек тығыздығының жас ерекшелігіне байланысты пайда болатын ауру - остеопороздың алдын алуға үлес қосады. Коньки тебу барысында қимыл-қозғалыс  тек аяқ бұлшықеттеріне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге қол және жалпы дене бұлшықеттеріне әсер етеді. Тиісінше, бұл жерлерде сүйек тығыздығы да артады.


2. Мүсін. Бір сағат коньки тебу барысында 300–400 ккал жұмсалады. Қимыл-қозғалыс кезінде ағзаның барлық тіндері оттегімен қамтылады, нәтижесінде майлардың ыдырауын жылдамдатып, жалпы заталмасуды белсендетеді. Бұған бұлшықеттерге қосылған жоғары жүктеме  - артық салмақтан құтылып, мінсіз мүсінге қол жеткізеді.


3. Ми. Коньки тебу позитивті көңіл күй сыйлайды әрі психологиялық қысымнан ажырауға көмектеседі. Әсіресе ашық алаңдардағы конькилердің пайдасы орасан. Суық ауа серпілтіп, жүйке жүйесін сергітеді.  


4. Вестибулярлық аппарат. Конькидің табаны әркез сенімді қорған емес. Коньки киіп қимылдау барысында кедергілерді айналып өтіп, мұзға бұрылғанда тепе-теңдікті сақтау қабілеті еріксіз жаттығады. Осының арқасында қозғалыстар тек мұзда ғана емес, күнделікті өмірде де нық, дәл, үйлесімді болады. Бұл кезекте ең жақсы нәтиже - мәнерлеп сырғанау, бірақ қарапайым конькимен сырғанау да өте пайдалы.  


5. Жүрек және қан тамырлары. Мұз айдынына тұрақты бару жүрек соғысын едәуір жақсартады. Ғалымдардың айтуынша, мұз үстінде күнделікті 20-30 минут сырғанаудың өзі болашақта жүрек ауруларының алдын алуға көмектеседі. Белсенді қозғалыс кезінде қол мен аяқта орналасқан ұсақ перифериялық тамырлар ашылады. Қан тамырлары қанмен толығып  соның арқасында қан қысымы біртіндеп және табиғи түрде төмендейді. Осылай үнемі қозғалыста болау гипертонияның алдын алуға жақсы көмектеседі. 


6. Омыртқа. Коньки тебу барысында арқаны тік ұстаған жөн, әйтпесе тепе-теңдікті ұстау қиындық туғызады. Осының негізінде омыртқаны ұстап тұрған бұлшықеттер жаттығады, тік жүретін болады. Жасөспірімдер үшін коньки тебумен айналысу омыртқа қисаюының алдын алса, ересектер үшін ерте остеохандроздың алдын алады. 


7. Буындар. Конькимен сырғанау тіпті ерте сатысында артроз диагнозы қойылған адамдарға да рұқсат етіледі - бұл қозғалыс интерстициальды шеміршектің тамақтануын жақсартады. Тек тым тез жүруге, секірулер мен өткір бұрылыстарға тыйым салынады, сонымен қатар кездейсоқ құлап кетпеу үшін мұз жамылғысы жақсы сапалы болуы керек. Дені сау адамдар үшін коньки тебу буын ауруларын болдырмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Коньки #денсаулық #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика