Көкмайса шағынауданында жексенбінің таңы мерекелік көңіл күймен атты. №87 мектепте орналасқан №326 сайлау учаскесінде белгілі композитор Ғани Сапарбаев қала тұрғындарының алдында өнер көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Композитордың өнер көрсетуі мәслихат депутаттарының сайлауы күні тұрғындарға арнап әзірленген мәдени бағдарламаның бір бөлігі болды.
Бүгін Алматының әртүрлі ауданында концерт пен көркемөнер көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп жатыр. Сондай-ақ басқа да мәдени іс-шаралар өтуде.
Еске салайық, қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға арналған бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.
Сайлау учаскесінің мекенжайын нақтылап, сайлау туралы қосымша ақпаратты бірыңғай 109 нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.