Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына танымал қазақстандық әнші, дәстүрлі және эстрадалық әндердің орындаушысы, театр актрисасы әрі қоғам қайраткері Алма Аманжолова да қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Өнер иесі Наурызбай ауданындағы №692 сайлау учаскесіне барып, дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымын білдірді.
Бүгінгі сайлауда қазақстандық театр, кино және музыка өнерінің танымал өкілдері де дауыс берді.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 597-сі азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша, ал 73-і уақытша болатын орында орналасқан.
Сайлау туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.