AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Академик, ақын-жазушылар мен суретшілер: Алматы зи...

Академик, ақын-жазушылар мен суретшілер: Алматы зиялылары мәслихат сайлауында дауыс берді – ФОТОРЕПОРТАЖ

Сайлау 2026 Бүгін 14:56 29
Академик, ақын-жазушылар мен суретшілер: Алматы зиялылары мәслихат сайлауында дауыс берді – ФОТОРЕПОРТАЖ
Алматы әкімдігі

Алматы мәслихатының жаңа құрамын жасақтауға қаланың белгілі ғалымдары, әдебиет және өнер өкілдері де өз үлесін қосып жатыр. Ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мегаполистегі сайлау учаскелеріне барып, қоғамның дамуы үшін азаматтық белсенділіктің маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дауыс беруге қатысушылардың пікірінше, бүгін қала тұрғындары қабылдайтын шешімдер Алматы мен жалпы елдің алдағы даму бағытына ықпал етеді.

Академик Асқар Жұмаділдаев: қаланың дамуына әр тұрғын жауапты

Белгілі қазақстандық ғалым, математик, академик Асқар Жұмаділдаев Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты.

Дауыс бергеннен кейін ғалым азаматтардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, әр азаматтың ел алдындағы міндеті.

Асқар Жұмаділдаев сайлаушылардың қабылдаған шешімдері қаланың және тұтас елдің одан әрі дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан әркім өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы қажет екенін айтты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы және әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыш (№693 сайлау учаскесі) қала тұрғындарын дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.

«Бүгін мен де басқа азаматтар сияқты өз таңдауымды жасап, кандидат үшін дауыс бердім. Баршаңызды сайлауға қатысуға шақырамын. Өз таңдауымыз арқылы азаматтық позициямызды білдіре аламыз», – деді Нұрдәулет Ақыш.

Ақын Әділғазы Қайырбеков (№624 сайлау учаскесі) дауыс берудің болашақ ұрпақтың әл-ауқаты үшін маңызды екенін жеткізді.

«Біз Қазақстанның гүлденгенін, балаларымыздың әл-ауқаты жоғары елде өмір сүргенін қалаймыз», – деді ақын.

Суретші Талғат Тілеужанов: ел болашағы үшін әр дауыс маңызды

Алматыдағы №124 сайлау учаскесінде белгілі қазақстандық суретші, кескіндемеші және монументалист Талғат Тілеужанов дауыс берді.

Ол – Қазақстан Суретшілер одағының және Нью-Йорк Суретшілер одағының мүшесі, «IZDER» шығармашылық тобының қатысушысы, халықаралық «ТҰРАН» сыйлығының лауреаты.

Өнер қайраткері әр азаматтың қоғамдық өмірге араласуы маңызды екенін айтып, дауыс беру азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі екенін атап өтті.

«Бүгінгі дауысымыз – ел болашағы алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Сондықтан мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз азаматтық ұстанымымды білдіруді жөн көрдім», – деді Талғат Тілеужанов.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев те Алматының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі мәслихаттардың рөліне тоқталды.

Мәдениет қайраткері әрі ректор кеңесшісі Амантай Берғалиев сайлауға қатысып, мәслихат депутаттарының тұрғындар мүддесін қорғауда және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Еске салайық, Алматыдағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қалада тұрақты тіркеуі жоқ тұрғындар үшін 41 учаскеде бір күндік тіркеу қызметі ұйымдастырылған.

Aqshamnews.kz редакциясы бүгін туған қаласының болашағын айқындауға қатысып жатқан алматылықтар туралы материалдар жариялауды жалғастырады. Біздің сайттан жаңа фоторепортаждарды күтіңіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Жақып мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 15:04

Алматының жетекші құрылыс компанияларының қызметкерлері мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Бүгін 14:53

Алматы тұрғындары сайлауға әріптестерімен бірге келуде: Медеу ауданында дауыс беру қалай өтіп жатыр?

Бүгін 14:51

Композитор Ғани Сапарбаев алматылық сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

Бүгін 14:49

Қазақстан ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Алматыдағы сайлауда дауыс берді

Бүгін 14:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);