AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматы тұрғындары сайлауға әріптестерімен бірге ке...

Алматы тұрғындары сайлауға әріптестерімен бірге келуде: Медеу ауданында дауыс беру қалай өтіп жатыр?

Сайлау 2026 Бүгін 14:51 23
Алматы тұрғындары сайлауға әріптестерімен бірге келуде: Медеу ауданында дауыс беру қалай өтіп жатыр?

Алматының Медеу ауданында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысушылардың қатарында әріптестерімен бірге дауыс беруге келген кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері де бар, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәселен, Пушкин көшесіндегі №52 мектепте орналасқан №400 және Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында орналасқан №361 сайлау учаскелерінде қала тұрғындарына арнап мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылған.

Әсіресе Қуыршақ театрында мерекелік көңіл күй ерекше сезіледі. Мұнда артистер өнер көрсетіп, аниматорлар жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар келушілер арнайы жабдықталған фотоаймақтарда естелік суретке түсе алады.

«Бүгін Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры дауыс беруге келген тұрғындардың көңілін көтеріп жатыр. Балалар да, ересектер де бізбен бірге суретке түсуде. Үлкендерді алыста қалған балалық шағына жетелеп, ерекше көңіл күй сыйлауға тырысамыз. Өзім де таңертең әріптестеріммен бірге дауыс беріп қойдым», – деді театр актері Шоқан Құлназаров.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, №361 сайлау учаскесінде жарты сағаттың ішінде кәсіпорындардың бірінен келген 80-ге жуық қызметкер дауыс берген. Ал сағат 14:00-дегі жағдай бойынша мұнда дауыс бергендердің жалпы саны 200 адамнан асқан.

Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізіміне 1 миллион 355 мыңнан астам адам енгізілген.

Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Сайлау учаскесінің мекенжайын 109 бірыңғай нөмірі арқылы білуге болады.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Академик, ақын-жазушылар мен суретшілер: Алматы зиялылары мәслихат сайлауында дауыс берді – ФОТОРЕПОРТАЖ

Бүгін 14:56

Алматының жетекші құрылыс компанияларының қызметкерлері мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Бүгін 14:53

Композитор Ғани Сапарбаев алматылық сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

Бүгін 14:49

Қазақстан ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Алматыдағы сайлауда дауыс берді

Бүгін 14:47

Әнші әрі актриса Алма Аманжолова Алматыда сайлауда дауыс берді

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);