AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Көлікті мас күйінде айдаған ақтөбелік депутат манд...

Көлікті мас күйінде айдаған ақтөбелік депутат мандатынан бас тартты

Оқиға 09.06.2022, 15:00 1,275
Көлікті мас күйінде айдаған ақтөбелік депутат мандатынан бас тартты
Cурет: Ашық дереккөз

Сонымен бірге ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды


Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали көлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Кейін ол мандатынан бас тартып, қалалық аумақтық сайлау комиссиясына арыз жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ербол Қасымғалиға қатысты іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, кәсіпкер әрі қалалық мәслихат депутаты биыл мамыр айында Mercedes Benz автокөлігін мас күйінде басқарған. Ол Қарғалы тұрғын үй алабы Қайдауыл батыр көшесінде ұсталды. Сот отырысы кезінде Ербол Қасымғали өз кінәсін мойындамады. Сонымен бірге медициналық сараптама қорытындысымен келіспеді. Тіпті, екінші рет сараптамадан өтуге болатыны туралы түсіндіріп айтпағанын алға тартты. Ал дәрігер Т.Беркутбаев оның сөзін жоққа шығарып, шын мәнінде жеңіл масаң күйде болғанын айтып берді.


Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бабы бойынша Ербол Қасымғалиды кінәлі деп танып, оны 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Сонымен бірге ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.


Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бағланбек Құрманалиннің айтуынша, Ербол Қасымғали депутаттық мандатынан бас тартып, арыз жазған. Арыз қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Мас #Мандат #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);