AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көлік полицейлері мен еріктілер теміржол нысандары...

Көлік полицейлері мен еріктілер теміржол нысандарын граффитиден тазартты

Заң мен тəртіп Бүгін 11:28 49
Көлік полицейлері мен еріктілер теміржол нысандарын граффитиден тазартты
Polisia.kz

Қатысушылар теміржол аралығының аумағын тексеріп, нысан қабырғаларына салынған заңсыз жазулар мен граффитилерді анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Петропавл станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірге Петропавл – Кондратовка теміржол аралығында заңсыз жазулар мен граффитилерді анықтау және жою бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – теміржол инфрақұрылымы нысандарының тиісті санитарлық және эстетикалық жай-күйін сақтау, олардың зақымдану фактілерінің алдын алу, сондай-ақ жастардың қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауын және белгіленген мінез-құлық нормаларын сақтауын қалыптастыру.

Бірлескен жұмыс барысында қатысушылар теміржол аралығының аумағын тексеріп, нысан қабырғаларына салынған заңсыз жазулар мен граффитилерді анықтады және оларды тазартуға кірісті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде теміржол нысандарының қабырғалары тиісті қалыпқа, ал іргелес аумақ ретке келтірілді.

Іс-шара аясында жастармен профилактикалық жұмыс жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Студент-еріктілердің мұндай бастамаларға қатысуы өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін, қоршаған ортаға және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауды дамытуға ықпал етеді.

Тәртіп сақшылары теміржол инфрақұрылымы нысандарына түрлі жазулар мен граффити салу олардың сыртқы түрін бұзып қана қоймай, мүліктің зақымдануына әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты мұндай фактілерді дер кезінде анықтау және профилактикалық іс-шаралар өткізу маңызды мәнге ие.

Көлік полицейлері теміржол көлігі нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бояумен жазылған есім: Алматыда заңсыз граффитиге қатысты бақылау күшейтілді

Бүгін 12:31

Әуежайдағы әзіл: Жарылғыш құрылғы туралы айтқан шымкенттік жолаушы жауапқа тартылды

Бүгін 12:03

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары 13 еседен астам көбейді

Бүгін 11:16

Маңғыстауда Еңбек күніне орай сала үздіктері марапатталды

Бүгін 11:02

Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды

Бүгін 10:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);