конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көлік министрлігі КҚББЖ жүйесінің жекелеген функци...

Көлік министрлігі КҚББЖ жүйесінің жекелеген функциялары бойынша өтпелі кезеңді ұзартты

Әлеумет Бүгін 16:36 36
Көлік министрлігі КҚББЖ жүйесінің жекелеген функциялары бойынша өтпелі кезеңді ұзартты
gov.kz

Бұл шешім нарық қатысушыларына жаңа талаптарға бейімделуге және жүйенің тиісті функционалын толыққанды пайдалануға дайындалу үшін қосымша уақыт беру мақсатында қабылданды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бизнес қауымдастығы өкілдері мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өткенін Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) растау тетігін қолдануды көздейтін норманың қолданысын 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, аталған тетікті пайдалануға дайын және құжаттарды электрондық форматта рәсімдеуге мүдделі тасымалдаушылар КҚББЖ жүйесінде жұмысты ерікті негізде жалғастыра алады.

Көлік қоғамдастығы өкілдерінен келіп түсетін сұрақтарға байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін  енгізу тәртібіне қатысты түсініктеме береді.

Ең алдымен, КҚББЖ жүйесін енгізу тасымалдаушылар үшін жаңа міндеттемелер жүктемейтінін атап өткен жөн. Тауар-көлік жүкқұжаты мен жол парағын рәсімдеу талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында бұрыннан көзделген.

КҚББЖ жүйесінің негізгі мақсаты – көлік құжаттарын қағаз түрінде рәсімдеудің қолданыстағы процестерін электрондық форматқа көшіру және оларды тасымалдау процесіне қатысушылар үшін қолжетімді ету.

Сондай-ақ, интернет байланысы тұрақсыз аудандарда жұмыс мәселесіне ерекше назар аударылған. Мұндай жағдайларда заңнамаға сәйкес көлік құжаттарын қағаз түрінде рәсімдеуге және интернетке қолжетімділік қалпына келтірілгеннен кейін оларды КҚББЖ жүйесінде тіркеуге жол беріледі. Осылайша, байланыс болмауы тасымалдауды жүзеге асыруға және қажетті құжаттарды рәсімдеуге кедергі келтірмейді.

Министрлік халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде құжаттарды рәсімдеу тәртібін де түсіндіреді. Егер тасымалдау бір халықаралық тасымалдау шарты аясында жүзеге асырылып, бірыңғай халықаралық CMR жүкқұжатымен рәсімделсе, онда тауар-көлік жүкқұжатын және жол парағын КҚББЖ жүйесінде рәсімдеу мен тіркеу талап етілмейді.

Сонымен қатар, КҚББЖ жүйесінде жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуін растау тәртібі жетілдірілді.

Рейс алдындағы медициналық тексеруді жүргізу процесінен медицина қызметкері шығарылмайтынын ерекше атап өткен жөн. Өзгерістер тек ақпараттық жүйеде тексеруден өту фактісін растау тетігіне ғана қатысты.

Тасымалдаушылар келесі нұсқалардың бірін таңдай алады:

– егер рейс алдындағы тексеруді медицина қызметкері жүргізсе, ол енгізілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік ала отырып, оны жүйеде растай алады;

– растаудың өзге тәртібі қолданылған жағдайда, тасымалдаушы заңнама талаптарына сәйкес жол парағында тиісті белгіні өздігінен қояды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі 20 мыңнан астам жастың басын қосады

Бүгін 16:44

Қазақстандықтардың 72,3%-ы жаңа Құрылтай үшін дауыс беруге дайын

Бүгін 16:31

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Бүгін 15:52

Модельші-суретші қолтаңбасы: дәуірдің диорамадағы демі

Бүгін 15:46

Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу турнирі өтеді

Бүгін 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);