Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / KOKBÓRI инвестициялық монеталары таныстырылды 

KOKBÓRI инвестициялық монеталары таныстырылды 

Әлеумет 08.11.2023, 17:34 1,035
KOKBÓRI инвестициялық монеталары таныстырылды 
Суреттер Ұлттық музейден

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Қазақстан Ұлттық банкінің ұйымдастыруымен «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты көрме ашылды.


Көрме еліміздің ұлттық валютасының енгізілгеніне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Бұл экспозиция Қазақстанның ұлттық валютасы айналымға енгізілген сәттен бастап шығарылған бірегей монеталарды ұсынды. Экспонаттар мәдени, саяси және тарихи сәттерді қамтиды. Бұл жәдігерлер көрермендерге қазіргі қоғамның өміріне әсер еткен бірегей тарихи оқиғалармен танысуға мүмкіндік береді.  Монеталар көрермендерге халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін паш ете отырып, коллекциялық монеталарға қазіргі заман тұрғысынан жаңаша көзқарас танытатындай.



Егеменді  жас мемлекеттердің қатарына қосылған еліміз бен халқымыз Ұлы даланың бай тарихының ұрпағы әрі мұрагері десек, қателеспейміз. Біздің жылнамамыз ержүрек көшпенділер, ежелгі сақтар дәуірінен, жартастарға алғашқы петроглифтерді қалдырған қолөнершілерден бастау алады. Бұл – әлемдік тарихтың орасан зор бөлігі.




– Сол заманнан бастап соғылған көне теңгелер бүгінгі күнге дейін жеткен. Олар көне дәуірдің сырын ашып қана қоймай, Ұлттық банк дизайнерлерін өткен дәуірлердің түсі мен рухын, сондай-ақ заманауи инновациялық технологиялардың күші мен мәнерлілігін бойына сіңіретін заманауи монеталарды жасауға шабыттандырды. Оларды пайдалану нәтижесі суретшілердің түпкі ойын толығымен жүзеге асыруға және монеталардың мәнерлілігі мен сұлулығына қол жеткізуге мүмкіндік берді, – дейді көрме жетекшісі Ақжігіт Нүсіп.




Көрмеде жаңа KOKBÓRI инвестициялық монеталары таныстырылды. Қазіргі уақытта инвестициялық монеталар нарығындағы жаһандық үрдістер дизайны айрықша коллекциялық және сыйға тартылатын монеталарға бағытталған. Осыған орай, Қазақстанның инвестициялық монеталар нарығын өзектендіру, оларды танымал ету және халықаралық нарықта ілгерілету мақсатында Қазақстан Ұлттық банкі ALTYN BARYS және KUMIS BARYS атты инвестициялық монеталарына ребрендинг жасады.



Жаңа KOKBÓRI инвестициялық монеталарында «Көшпенділердің қасиетті жануарлары – тотемдері» атты монеталар сериясының дизайн стилі пайдаланылған, олардың жоғары танымалдылығы қысқа мерзімде Қазақстанның «тотемдік» инвестициялық монеталарының өзіндік бірегей брендін жасайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тенге #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика