AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Көк тиын төлемеді". Танымал әнші Баянсұлудың хит...

"Көк тиын төлемеді". Танымал әнші Баянсұлудың хит әндерінің авторы шу шығарды

Мәдениет 30.03.2026, 11:03 426 Дина
"Көк тиын төлемеді". Танымал әнші Баянсұлудың хит әндерінің авторы шу шығарды
коллаж: aqshamnews.kz

Танымал әнші Баянсұлудың репертуарындағы бірқатар хит әндердің авторы композитор Қуат Әбіл ел алдына шығып, даулы жағдайға байланысты халыққа үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Композитордың айтуынша, өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбеген, ал мәселені заңды түрде шешуге тырысқан сәтте, керісінше сотқа шақырту алған.

Қуат Әбіл Баянсұлудың ең танымал бес әнінің авторы болғанымен, ұзақ уақыт бойы еңбекақысыз жұмыс істеген. Осыған байланысты ол бұған дейін әншінің YouTube-тағы бірнеше әнін өшірткенін, орындауға тыйым салғанын, алайда кейін қайта келісім арқылы қайта жүктелгенін айтты.

Қуат Әбілдің айтуынша, Баянсұлу бұрынғы продюсерімен жұмысын тоқтатқаннан кейін, жаңа командасымен бірге өзіне қайта жүгінген. Ал композитор тиесілі қаламақысын төлеуді сұрағанда сотқа шақырту қағаз алған. Енді ол елден әділдік сұрап отыр.

«Менің бес балам бар. Көмек сұрап келген кезде барымды салып, жақсы әндерімді бердім. Танылып алғаннан кейінгі қарым-қатынас осындай болды. Сонда әділдік қайда?» – деді ол видеоүндеуінде.

Айта кетейік, бұған дейін Баянсұлу өзінің продюсері Әлішер Бурхановпен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Әнші «Ауа райы», «Сондайым бар енді», «Ұмытсам да» сынды танымал әндері арқылы көпшілікке кеңінен танылған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kuat Abilov (@kuat_abil)

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бүгін 18:19

Алматыда психологиялық көмек көрсетудің жеңіл қысқа нөмірі — 1303 енгізілді

Бүгін 17:02

Алматыда «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады

Бүгін 16:26

Алматыда Бекмаханов көшесінің бір бөлігінде түнде қозғалыс шектеледі

Бүгін 16:24

«Байтақ» пен «Әділет» альянс құруы мүмкін

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);