Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кинотеатрлар кассалық түсімнің 50 пайызын негізсіз...

Кинотеатрлар кассалық түсімнің 50 пайызын негізсіз алып отыр – депутат

Әлеумет 14.01.2026, 15:19 236
Кинотеатрлар кассалық түсімнің 50 пайызын негізсіз алып отыр – депутат
Cурет: Turkystan.kz.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Қазақстандағы кинонарықтың қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бірқатар кинотеатр желілерінің монополиялық саясат жүргізіп отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, отандық киноиндустрияны санаулы ғана «таңдаулы» топ бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы aqshamnews.kz хабарлады.

Депутаттың сөзінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрияны экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған. Алайда кино саласындағы қалыптасқан жүйе бұл міндеттердің толық іске асуына кедергі келтіріп отыр. «AMANAT» партиясының атына кино саласы өкілдерінен кинотеатрлардың кассалық түсімдерге қатысты әділетсіз талаптары жөнінде көптеген шағым түскен.

Елнұр Бейсенбаев кинотеатрлар фильмнің табысты немесе табыссыз болуына қарамастан, өз үлестерін алдын ала алып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл үлес таза пайдадан емес, жалпы кассалық түсімнен ұсталады. Мұндай жағдайда режиссерлер мен продюсерлер қысымнан қауіптеніп, мәселені ашық көтере алмай отыр. Сонымен қатар фильм авторлары жарнама мен ілгерілету үшін қосымша төлемдер жасауға мәжбүр, ал кейбір жағдайларда «көлеңкелі жарналардың» бар екені де айтылып отыр.

Депутаттың дерегінше, бұл талаптар мемлекеттік қаржы есебінен түсірілген фильмдерге де қатысты. Мәселен, бюджет қаражатына түсірілген «QAITADAN» фильмі прокатта 1 миллиард теңгеден астам табыс тапқанымен, оның 550 миллион теңгесі кинотеатрларға кеткен. Ал фильм өндірісіне мемлекет небәрі 190 миллион теңге бөлген. Осылайша, жекеменшік кинотеатр желілері мемлекет салған инвестициядан бірнеше есе көп қаржыны, ол бюджетке қайтарылмай тұрып-ақ алып отыр.

Елнұр Бейсенбаев экран мен көрермен орнын ғана ұсынатын кинотеатрлар фильм авторларына қарағанда әлдеқайда көп пайда тауып отырғанын сынға алды. Оның пікірінше, мұндай жүйе фильмнің өзін-өзі ақтауына кедергі келтіріп, қазақстандық киноиндустрияның дамуын тежеп отыр. Соның салдарынан елімізде көбіне коммерциялық комедиялар түсіріліп, тарихи, мәдени және әлеуметтік маңызы бар туындылардың саны азайып келеді.

Депутат қазіргі таңда қазақстандық кинонарықта прокат шарттарын, экран санын, көрсетілім уақытын және қай фильмнің көрерменге жететінін санаулы ғана кинотеатр желілері анықтайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл – әділ бәсекеге қайшы келетін ашық монополиялық саясат.

Осыған байланысты Елнұр Бейсенбаев кассалық түсімнің 50 пайызына дейін алып отырған кинотеатр желілеріне қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен басқа да уәкілетті органдар тарапынан кешенді тексеру жүргізуді сұрады. Сондай-ақ ол кинотеатрлар фильм өндірісіне кеткен шығын толық өтелмейінше, кассалық түсімнен үлес алмауы тиіс деген ұстанымды білдірді.

Депутат халықаралық тәжірибені мысалға келтіріп, АҚШ-та прокаттың алғашқы апталарында студиялар кассалық түсімнің 70–90 пайызына дейін алатынын атап өтті. Осы тәжірибені негізге ала отырып, кинотеатрлар, прокатшылар мен киностудиялар арасындағы келісімшарттарды қайта қарау қажеттігін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #Касса #Кино #мәселе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі