Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кино, фитнес, йога, IT-курстар, психологтармен саб...

Кино, фитнес, йога, IT-курстар, психологтармен сабақтар – Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қалай құрылды

Әлеумет 30.09.2021, 06:29 1,356
Кино, фитнес, йога, IT-курстар, психологтармен сабақтар – Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қалай құрылды
almaty-akshamy.kz

Алматыда екі жыл бұрын белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары құрылды. Бұлар - зейнеткерлердің денсаулығын сақтау мен бос уақытын ұйымдастырумен кәсіби түрде айналысатын орындар. Қалалық мәслихаттың депутаты, екі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі Әсия Мақанова зейнеткерлерді уақытпен бірге адымдауға, физикалық және психологиялық тұрғыдан қолдауға қалай үйрететінін айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде Ә. Ақанова Алмалы және Әуезов аудандарындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын басқарып отырғанын айтты.



 «Біздің орталықтарда зейнеткерлер өздеріне ұнайтын кәсіппен айналысып қана қоймай, жаңа достар таба алады. Біздің әр орталыққа 300-ге жуық адам келеді, зейнеткерлер фитнес, йогамен айналысады, шахмат, дойбы ойнап уақыт өткізеді, скандинавиялық жүріспен айналысады, оларға медициналық пункт қызметі көрсетіледі. Қалауы бойынша смартфонды, әлеуметтік желілерді, қажетті DamuMed, eGov қосымшаларын және компьютерді меңгеруге, сондай-ақ қазақ және ағылшын тілі курстарынан өтуге болады», - деді Әсия Ақанова. 




Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарындағы сабақтар емдік дене шынықтырудан бастап психологиялық кеңес беруге дейін әртүрлі. Көбісі өнерді, соның ішінде би мен вокалды, бұдан басқа аспаздық және мотивациялық курстарды жақсы көреді. 


Әсия Ақанова 2018 жылдан бастап орталықтарға 5 мыңнан астам зейнеткер келгенін атап өтті. Қариялардың психологиялық жағдайы едәуір жақсарды, олар көпшіл бола бастады, денсаулығында белгілі бір нәтижелер байқалды, өйткені мамандар аурудың алдын алуға ерекше назар аударады.


Алматыда барлығы тоғыз Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді, олардың жұмысы туралы толық ақпаратты колл-орталықтың 1308 нөмірі арқылы білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарттар #Алматы #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Бүгін 11:35

Тағы 1,8 мыңға жуық адам Таяу Шығыстан Қазақстанға оралды

Бүгін 11:02

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі