Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кезекте тұрған 86 азаматқа пәтер кілті табысталды

Кезекте тұрған 86 азаматқа пәтер кілті табысталды

Әлеумет 11.06.2024, 09:41 903
Кезекте тұрған 86 азаматқа пәтер кілті табысталды
С. Құсайынов

Тұрғындарды қуантқан салтанатты шаралар легі жалғасып жатыр.

Алматы қаласында Medeu city ТҮК орналасқан 20 үйде халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тағы да 86 жанға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Естеріңізге сала кетейік, биыл 25 мамырда алғашқы 124 кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды, ал 28 мамырда бұл тізімге тағы 164 адам қосылды, 30 мамырда кезекте тұрған 105 жан баспаналы болса, енді кезекте тұрған төртінші лектен 111 адамға 5 маусымда баспана бұйырды.

«Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал тобының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан екі мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланған, оның 400-і жетім балаларға беріледі. Сондай-ақ, пәтерлерді басқа адамдарға жалға беруге және қайта жоспарлауға болмайды. Жаңа пәтерлердің кілтін беру бойынша іс-шаралар жалғасады және жақын арада тағы жүздеген кезекте тұрған жан жаңа тұрғын үйге қоныстанады», - деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Жаңа пәтер иелері бұл көптен күткен үлкен қуаныш екенін атады.

Үш ұлдың анасы Айман Нұртаева эмоциясын жасырмады.

«Мен өте ризамын, қуаныштымын. Бұл сәтті ұзақ күттік, 2011 жылы кезекке тұрдық. Біз үшін бұл үлкен қолдау», - деді Алматы қаласының тұрғыны Айман Нұртаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пәтер #кезек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика