AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Кестелі сөздің Кербұғысы»

«Кестелі сөздің Кербұғысы»

Мәдениет 28.09.2023, 11:30 985
«Кестелі сөздің Кербұғысы»

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы Алматыда тойланып жатыр


 Алматыда көрнекті жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Өр Алтайдың асқақ жыршысы» атты конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Конференция аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, суретшілердің туындылары таныстырылды.


Қаламгердің мерейтойын атап өту үшін еліміздің мәдениет пен қоғам қайраткерлері, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері Ұлттық кітапханада бас қосты.



«Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған шаралар жазушының туған жерінен басталды. Қатонқарағайда үлкен аламан бәйге өткізіп, Шыңғыстайда қаламгердің музейін аштық. Астанада ұйымдастырылған мерейтойлық конференция, енді міне, Алматыға жетіп отыр»,– деді Оралхан Бөкей мерейтойын ұйымдастыру комитетінің мүшесі Дәулет Әшімхан.



Жиында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш «Кестелі сөздің Кербұғысы», филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Гауһар Балтабаева «Оралхан Бөкейдің прозасындағы тәуелсіздік идеясы» тақырыбында баяндама оқыды. Кәдірбек Сегізбай, Бексұлтан Нұржеке, Ұлықбек Есдәулет, Мағира Қожахметова, Әлібек Асқаров, Әмірхан Меңдеке, Бигелді Ғабдуллин, Жүсіпбек Қорғасбек және Тоқтарбек Мағзұмов бастаған Қазақстан жазушылар одағының мүшелері мерейтойлық шарада сөз сөйлеп, жазушыны еске алды.




«Оралханды қайталап оқыған сайын жаңа қыры ашыла түседі. Ол өз арман-тілегінде «Қазағымыздың  қадір-қасиетін төмендетпей, асқақтатайық, ағайын!» деген ұлтжанды ой айтады. Сондықтан бұл мерейтойды атап өтудің астары тереңде жатыр»,– деді филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Гаухар Саяділқызы.



Конференцияда сөз алған қаламгердің жиені Клара Нұржақыпқызы бала кезінен Оралхан шығармаларымен сусындап өскенін айта келіп, оның бүкіл қазақтың мақтан тұтар тұлғасы екенін жеткізді. Сондай-ақ ол аймақтан ғана бастау алған шараның мемлекеттік деңгейде қолдау тапқанына өз ризашылығын білдірді.



«Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойын абыроймен өткізу – біз үшін үлкен жауапкершілік. Мұны өзімізге аманат етіп жүктедік. Алматы – жазушының жастық шағы өткен қала. Сол үшін мерейтойдың қорытынды шараларын осында өткізуді ұйғардық. Ертең қаламгер рухына арнап ас берілсе, келесі күні республикалық аламан айтыс болады. Баршаңызды сонда күтеміз»,– деді Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының басшысы Серік Жүнісов.



Айта кетсек, бас жүлде қоры 2 500 000 теңгені құрайтын ақындар айтысы 30 қыркүйек күні «Алатау» театрында өтеді. Кіру тегін. Қаламгердің мерейтойын республикалық көлемде атап өту үшін Қатонқарағай кәсіпкерлері қолдау көрсетіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оралхан Бөкей #Мерейтой #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика