Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Кешірім сұрау талап етілді

Кешірім сұрау талап етілді

Саясат 20.07.2023, 08:52 1,431
Кешірім сұрау талап етілді
Сурет: ашық дереккөз

Facebook қолданушысы Аида Сасыбаева Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан қырғыздарға тіл тигізгені үшін кешірім сұрауды талап етті, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.


Аида Сасыбаева президенттің қырғыздарды жалқау деп атағаны ұнамағанын атап өтті.



«Бұл менің ұлттық ар-намысыма тиеді, мен сізден кешірім сұрауды талап етемін. Өзіңіздің абайсызда айтқан сөзіңізбен менің еліме, халқымның беделіне нұқсан келтіресіз. Осындай кемсітетін сипаттама кесірінен басқа елдерде біз туралы жағымсыз пікір туындауы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай көзқарас балаларға теріс әсер етеді, балалардың өзін, ата-анасын, туыстарын және тұтастай алғанда бүкіл халықты қабылдауын бұзады», - деп жазды ол.



Аида Сасыбаева президент «ойланып, көпшілік алдында кешірім сұрайды» деген үмітін білдірді.



«Әйтпесе, мен барлық әлеуметтік желілерде флешмоб жариялауға мәжбүр боламын. Бұл акцияға жеткілікті адам қосылғанда, ереуілді бастайтын күнді анықтаймыз», - деді ол.




Еске салайық, бұған дейін Садыр Жапаров Көлік және коммуникация министрлігіне жол техникасын тапсыру рәсімінде қазақ пен қырғыз - жол салушылар туралы әзіл айтқан болатын. Бұдан кейін Жапаров президент әкімшілігіне арналған ғимарат қырғыздардың жалқаулығынан баяу салынып жатқанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қырғыз #Намыс #жауап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика