AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / “Келіп-кетіп жатқан пайдасы жоқ”. Еркебұлан Тоқтар...

“Келіп-кетіп жатқан пайдасы жоқ”. Еркебұлан Тоқтар алған атағына қатысты дауға пікір айтты

Мәдениет 16.12.2025, 10:37 1,107
“Келіп-кетіп жатқан пайдасы жоқ”. Еркебұлан Тоқтар алған атағына қатысты дауға пікір айтты
сурет: instagram.com/erkebulan_toktar

Белгілі актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алуына қатысты айтылған сын-пікірлерге түсініктеме берді. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

«Атақты неге берген деген сұрақ қойылып жатыр. Неге екенін білмеймін, ол сұрақ маған қойылып жатыр. Оны берген адамға қою керек. «Неге бердің?» деп сұрасын. Ал менен «Неге алдың?» деп сұраса, «маған берді, мен алдым» жауап беремін. Оны жоғары жақтағы адамдар шешті», - дейді актер.

Еркебұлан Тоқтар жұрт ойлағандай ол атақтың материалдық тұрғыдан пайдасы жоқ екенін атап өтті.  

«Келіп-кетіп жатқан пайдасы жоқ. Мен жеңілдік алмаймын, мемлекеттен ақша алмаймын. Тегін емделуге болады екен деп естіп қалдым. Мен тегін емделмеймін, өйткені өзімнің дәрігерлерім бар, соларға ақша төлеп жүрмін. Ешқандай жеңілдік қызық емес. Кейбіреулер награда берілген соң үкіметтен ақша алады деп ойлайды. Бір тиын да алмаймын, маған керегі де жоқ. Награда берді, қолын қайтармадым. Өте қуанышты болдым. Оған лайықтымын ба, жоқ па, оны берген адам шешетін шығар. Қалғандары сөйлей береді. Олардың ешқайсының аузын жапқым келмейді. Мен туралы көп айтылғаны жақсы. Жақсы айтсын, жаман айтсын, маңызды емес. Біреуге ұнаймын, біреуге ұнамаймын», - деп түйіндеді ол.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 8 желтоқсанда  Еркебұлан Тоқтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын тапсырған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еркебұлан Тоқтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Кеше 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Кеше 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Кеше 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Кеше 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Кеше 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);