AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арнал...

Келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстары пысықталды

Әлеумет 20.09.2023, 12:20 1,160 Almaty-akshamy.kz. 
Келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстары пысықталды
Сурет: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында Үкіметтің ауыл шаруашылығы және қаржы блоктарының, әкімдіктер өкілдері келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстарының жағдайын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.         


Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының деректері бойынша 2023-2024 жылдар  шегірткелердің таралу циклінің 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. Соңғы рет кері динамиканың өсуі 2014 жылы байқалды. Одан кейін зиянкестердің таралу аумағы үздіксіз азайғанмен, 2021 жылдан бері қарай қайтадан ұлғая бастады. 2024 жылы 2,5 млн гектар алқапқа шегіртке шоғыры таралуы мүмкін деген болжам бар. Бұл 2023 жылға қарағанда (1,6 млн га) 1,5 есе көп. Шегірткелер шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралады деп күтілуде.


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің мәліметінше, 2024 жылға бөлінген 4,2 млрд теңге қаржы жобаланған жер көлемінің жартысын ғана өңдеуге жетеді. Шегіртке зиянкестерінің таралу алаңының болжамды көлеміне өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бүріккіш техниканың санын арттыру қажет болады. Пестицидтердің қолда бар қорынан бөлек қосымша қаржы бөлінуі керек.



«Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды атқаруға тыңғылықты дайындықты қамтамасыз етуі қажет. Ал Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану шараларын ұйымдастыру үшін қосымша қаржы бөлуі керек», - деп қорытындылады сөзін Серік Жұманғарин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шегіртке #ауылшаруашылық #пысықтау #әлеуметтік #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);