AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала...

Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады

Саясат 02.09.2022, 10:30 1,846
Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады
Сурет: Almaty.tv

Жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.


2023 жылдан бастап қанатқақты режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізіледі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Бұл құжатта аталған сайлауға қатысты тиісті нормалар ескерілген.



«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Мемлекет басшысының баламалы негізде мәслихат қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Былтыр ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау өткізілді. Ал 2023 жылдан бастап қанатқақты режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін болады», - деді А. Мұқанова заң жобасын таныстыру барысында.



Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1 қыркүйекте жариялаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #әкім #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);