Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келесі жылдан бірыңғай жиынтық төлем жойылады

Келесі жылдан бірыңғай жиынтық төлем жойылады

Әлеумет 05.07.2023, 08:18 1,175
Келесі жылдан бірыңғай жиынтық төлем жойылады
Сурет: Semeynews.kz

МӘМС жарнасын қалай төлейміз?


Келесі жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) алынып тасталады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар алдағы уақытта МӘМС төлемдерін қалай төлейді? Бұл медициналық сақтандыру қорының шешімі ме? Осы және өзге де сауалдарға МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев жауап берді.


БЖТ қашан және қандай мақсатпен енгізілді?


Жалпы, бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) әуелде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін) уақытша енгізілген болатын. Бүгінгі күнге дейін төлемнің бұл түрін жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін сататын және өзге жеке тұлғаларға қызметтер көрсететін, жылдық табысы 1175 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын азаматтар, жұмыссыздар, бала күтімі бойынша бір жарым жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерді алғысы келген жүкті әйелдер пайдаланып келді. 
• Бірыңғай жиынтық төлем республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары үшін бір айлық есептік көрсеткіш көлемін және басқа елді мекендердің азаматтары үшін 0,5 АЕК құрайды. Яғни, биыл БЖТ мөлшері тиісінше 3 450 теңге және 1725 теңге. 
 
«Бірыңғай жиынтық төлемнің негізгі және жалғыз мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезеңі болды. Қазір жеке тұлғалардың табысын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Бұрын кәсібін тіркемеген азаматтар кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе жалдамалы қызметкер болып жұмыс істеуі керек», – деді Тілеухан Әбілдаев.


Келесі жылы БЖТ орнына басқа төлем түрі енгізіле ме?


Бұған дейін БЖТ төлеп келген азаматтар 2024 жылдан бастап сақтандыру жүйесіне дербес төлеуші ретінде қатыса алады. Төлем сомасы 1 ең төменгі жалақының 5 процентін құрайды. (2023 жылы – 3500 теңге). Атап айтар болсақ, бұрын сақтандыру статусын алу үшін өткен 12 айдың қарызын өтеу қажет болатын. Қазір өзін-өзі сақтандырғысы келетін, ресми жұмыс істемейтін азамат бұрынғы берешекті өтемей, алдағы 12 айға жарна төлеп, бір жылға сақтандыру статусын ала алады. Мәселен, осы айда медкөмекке жүгінетін пациент 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың маусымына дейінгі аралық үшін жарна аудара алады. 
Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, тұрақты табысы жоқ ауыл тұрғындарының (90 мыңға жуық адам) МӘМС жүйесінен тыс қалу қаупі бар. Қазір осыған байланысты ауылдық аймақтарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Әзірше, азаматтар алдағы жарты жылда БЖТ-ны төлей береді. 2024 жылдан бастап төлемнің жоғарыда айтылған түрлерін қарастыру қажет болмақ.
Төлем Қазақстанның екінші деңгейлі банктері, банктердің мобильді қосымшалары мен «Қазпошта» бөлімшелері арқылы қабылданады. Төлем жасау үшін жеке сәйкестендіру нөмірін, төлем жасалатын айды көрсету қажет.


МӘМС жүйесіне қатысты қосымша сұрақтар бойынша емханадағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгінуге болады. Сонымен қатар, Қордың төмендегі байланыс арналары арқылы өтінім қалдыра аласыз:
- fms.kz ресми сайты,
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- Telegramдағы SaqtandyrýBot
- 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #жиынтық төлем #бірыңғай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00

Түркістан облысында мал ұрлаған бір топ адам ұсталды

Бүгін 15:44

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика