Келесі жылдан бастап зейнетақы мөлшері өседі

Келесі жылдан бастап зейнетақы мөлшері өседі Сурет: интернеттен

Заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.


Қаржы министрлігі дайындаған «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасында зейнетақы мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен АЕК көлемі көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Заң жобасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей сома жоспарланып отыр:


ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;


мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;


ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;


айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;


базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.


Сондай-ақ жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері 9,0%-ға арттырылуы мүмкін.


Сонымен қатар құжатта 2024 жылға арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналардың мөлшері белгіленген. Ол мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,9%-ын құрайды.



«Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленді», - делінген құжатта.



 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:01

17:51

17:27

17:14

17:02

16:28

16:22

16:18

15:41

15:37

15:30

15:26

15:05

15:00

14:44

14:38

14:35

14:26

13:22

12:35

12:23

11:55

11:52

11:47

11:44