AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келер жылы жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрд...

Келер жылы жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы өседі

Әлеумет 22.12.2022, 06:32 1,031
Келер жылы жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы өседі
Сурет: Akchabar.kg

Төлем автоматты түрде тағайындалады.


Қазақстан Үкіметі келер жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы көлемін өсіруді көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылардың саны 101 мың адамға жетті. Бұл ретте биыл 98,1 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады.


Жәрдемақы айырылған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.


Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскер:


- eGov.kz порталында авторизациялану;


- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;


- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінім жіберу қажет;


- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;


- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);


Бұл қызметті онлайн режимде электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.


Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді.


Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.


Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.


Мемлекет басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап табысты алмастыру коэффициентін 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайту көзделеді.


Бұл ретте төлем тағайындау тәртібі сақталады және жұмысынан айырылған және жұмыссыз мәртебесін алған жүйеге қатысушыларға ғана қолданылады.


Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, жұмыс істеп тұрған алушыларға да әсер етеді, ол автоматты түрде жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жәрдемақы #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);