AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кедергі келтіргендер айыппұл төлесін

Кедергі келтіргендер айыппұл төлесін

Әлеумет 24.02.2023, 06:23 1,107
Кедергі келтіргендер айыппұл төлесін
Сурет: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев барахолка базары бойына көліктердің бейберекет тоқтауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 


Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде алматылықтардың бірі мегаполис басшысына жүгінді. Ол ақшаны үнемдеу мақсатында әмбебап базарлардың ақылы тұрағына кірмей, Солтүстік айналма тасжолы бойына тоқтап, көліктерін қоятын жүргізушілерге шара қолдануды сұрады.



«Солтүстік айналма жолдың бойында Жұмабаев көшесінен "Көкмайса" ықшамауданына дейін төрт базар орналасқан: «Кенжехан», «Қазына», «Арлан» және «Алаш». Былтыр бұл тасжолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бордюрлер орнатылды. Бірақ қазір жүргізушілер бірінші жолақтан тұрақ жасап алған: 200 теңге үнемдейді, базардың тұрағына кірмейді. Осыған байланысты бұл көшеде үнемі кептелістер болады», - деп ашуланды ер адам.








Бұған жауап ретінде Ерболат Досаев полиция мен цифрландыру қызметкерлеріне ертеңнен бастап шара қолдануды тапсырды. Атап айтқанда, полицейлер белгіленген аумақты таңертең және кешке тексеріп, әкімдік қызметкерлері ол жерге "Сергек" камераларын орнатуы керек.



«Арыстанғани Расылханұлы (Заппаров - Алматы полиция департаментінің бастығы - еск.), бөлейік. Мен қазір тапсырма беремін, көрсетілген аумаққа бір «Сергек» камера кешенін орнатыңыз. Такси жүргізушілері ол жерде автотұрақ жасап алса, енді аздаған айыппұл төлесін.


Ақша бар деп ойлаймын, алдағы екі айда камералар орнатамыз. Сондай-ақ, такси жүргізушілерімен жұмыс жүргізіңіздер. Жергілікті полиция қызметі неге жұмыс істемейді? Таңертең және кешке бір патруль көлігін сонда қойыңыздар. Бәрібір қаланы аралап жүреді, айырмашылығы неде? Ертеңнен бастап патруль қойыңыз, «Сергек» орнатылғаннан кейін патрульді алып тастауға болады», - деді Алматы әкімі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кептеліс #барахолка #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29

Алматының Жетісу ауданында 40 көше жөнделеді

Бүгін 15:26

«QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін 15:23

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін 15:20

ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);