AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Катар компаниялары Алматыны туристік бағыт ретінде...

Катар компаниялары Алматыны туристік бағыт ретінде таңдайды

Өмір-өзен 09.08.2022, 06:19 1,537
Катар компаниялары Алматыны туристік бағыт ретінде таңдайды
Сурет: Avianews.kz

Алматы Катардан келген бірінші ұйымдасқан іскерлік туристер тобын қарсы алды.


Ірі ритейл компания Алматыға 47 қызметкерін жіберген еді. Саяхат кезінде 5 күн бойы араб туристері қаланың ең танымал көрнекті жерлерін аралайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазіргі таңда Алматыға Таяу Шығыс елдерінен туристер көптеп келуде. Бірінші тоқсанда қалаға 55 мыңнан астам шетелдік турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Олардың бір бөлігі Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы елдерінің инвесторлары мен туристері.


Мамандардың айтуынша, бұл қаланы халықаралық нарықта ілгерілету үшін Алматы қаласының әкімдігі мен туроператорлардың бірлесіп жүзеге асырған халықаралық іс-шараларының, әуе қатынасын қалпына келтіру мен шекараны ашудың арқасында мүмкін болған. Мысалы, «Dubai ATM - 2022» туристік көрмесіне, Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы мен Оман елдерінің ірі қалаларындағы роуд-шоуларға қатысу.




«Алматы қарапайым саяхатшылар мен бизнес туристтер арасында кең танылып келеді. Бүгін біз Катардан келген алғашқы ұйымдасқан іскерлік туристтер тобын қарсы алдық. Қабылданған шаралардың арқасында Алматыға деген туристтік дестинация ретіндегі қызығушылық артып отыр. Бұл жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Таяу Шығыстан туристтік ағымды арттыру қаламыз үшін өте маңызды. Өзге елдермен салыстырғанда Таяу Шығыстан келген туристтердің орташа чегі әлдеқайда жоғары», - деді «Алматы қаласының туристтік ақпараттық орталығы» ЖШС директоры Едіге Марғұлан.



Айта кетсек, 2021 жылдың соңында Алматы – Доха жаңа рейсі іске қосылды. Қазір осы бағыттағы рейстер саны аптасына төртке дейін көбейді. Qatar Airways жыл басынан бері 100 астам рейс жасады. Рейстер А-320 типті әуе кемесімен орындалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Катар #туристік бағыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);