AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Каспийдегі оқу-жаттығуда 19 әскери қызметші су ағы...

Каспийдегі оқу-жаттығуда 19 әскери қызметші су ағызып әкетті

Оқиға Бүгін 14:26 39
Каспийдегі оқу-жаттығуда 19 әскери қызметші су ағызып әкетті
gov.kz

Оқиға Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығуда, Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Алдын ала мәлімет бойынша, теңізге 19 әскери қызметші ағып кеткен.

"Қазіргі уақытта тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқаны тіркелді. Үшеуі құтқарылды, олардың бірі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл түрде оқиға орнына аттанды", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

"Іздестіру жұмыстарының барысы және әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша ақпарат деректер келіп түскен әрі расталған сайын беріледі", – делінген хабарламада.

"Қорғаныс министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың тек ресми ақпаратына сүйенулеріңізді сұраймыз", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

22 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық секторында "Хазар қорғаны – 2026" оқу-жаттығуы басталғанын хабарлаған еді. Әскери-теңіз күштерінің бұл оқу-жаттығуы стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірыңғай жоспары аясында өткізіліп жатқаны айтылды.

Оған Әскери-теңіз күштері мен қосымша тартылған бөлімшелердің 500-ден астам әскери қызметшісі, жауынгерлік кемелердің экипаждары, жағалаудағы бөлімшелер, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша Жағалау күзеті мен ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің күштері мен құралдары қатысып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқу-жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи Алматыға алғаш рет келді

Бүгін 16:31

«Есірткісіз Қазақстан»: Алматы жастары қауіпсіз қала қалыптастыруға үлес қосты

Бүгін 16:24

Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонында жеңіске жеткен танымал жапон жүгірушісі Алматыға келді

Бүгін 15:12

Алматы полициясы айып тұрағынан көлігін алып қашқан жүргізушіні ұстады

Бүгін 15:10

Алматы мен Чунцинді жаңа тікелей әуе рейсі байланыстырды

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);