AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және ш...

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Әлеумет 30.06.2026, 16:32 357
Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады
Kaspi.kz

Енді Kaspi.kz клиенттері NFC арқылы байланыссыз төлемді қолдайтын Android смартфоны, смарт-сағаты немесе басқа да құрылғылары арқылы төлем жасай алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қызмет әлемнің кез келген елінде қолжетімді және дүкендерде, қосымшаларда әрі интернетте төлем жасауға мүмкіндік береді. Kaspi Gold-ты Google Pay-ге Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы немесе Google Wallet арқылы қосуға болады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біз әрбір Kaspi.kz клиентінде кез келген жағдайда төлем жасаудың ыңғайлы тәсілі болғанын қалаймыз.

Kaspi QR смартфон моделіне қарамастан барлық клиентке қолжетімді. Kaspi Alaqan телефонсыз-ақ алақанмен төлем жасауға мүмкіндік береді. Енді Android құрылғыларын пайдаланатын клиенттер Kaspi Gold картасын Google Pay немесе Google Wallet қызметіне қосып, Қазақстанда да, шетелде де NFC қолдайтын смартфон, смарт-сағат немесе басқа құрылғы арқылы төлем жасай алады.

Біз сүйікті клиенттерімізге таңдау мүмкіндігін көбейтіп, әр күнге қолайлы жағдай жасауға қуаныштымыз!»

Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold картасын Google Pay-ге қосу үшін Менің Банкім → Kaspi Gold бөліміне өтіп, «Google Pay қосу» батырмасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Сондай-ақ Kaspi Gold картасын NFC қолдайтын Android құрылғысындағы Google Wallet қосымшасына қосып, байланыссыз төлем қабылдайтын дүкендерде пайдалануға болады.

Бұдан бөлек, Google есептік жазбаңызға кірген кез келген iOS немесе Android құрылғысында GPay батырмасы арқылы интернет-дүкендерде онлайн төлем жасауға болады.

Қызмет туралы толығырақ Kaspi Гид қызметінен оқыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Kaspi.kz
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);